Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    «АЗАТ» Қазақстанның Демократиялық Партиясы / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 13.12.2006 - «ЖЕЛТОҚСАН – 86»
    13.12.2006 - «ЖЕЛТОҚСАН – 86»
      Версия для печати

    Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қордың қолдауымен жарық көрген «ЖЕЛТОҚСАН – 86» атты 10 томдық жинаққа қысқаша сипаттама

    1-кітап. «ҰЛТ ТЕҢДІГІ КӨТЕРІЛІСІ» – деректер мен дәйектер, көтерілістің республика аймақтарын да шарпығанын айғақтайтын материалдар және көтеріліске қатысты зиялылардың айтқан сөздері мен сараптамалары берілген.

    2-кітап. «НАМЫС ОТЫ АЛАУЛАҒАН» – сол бір сұрапыл уақытта көз жұмған, жапа шеккен, түрліше қудалауға ұшыраған желтоқсандықтардың өздері туралы және олар турасында айтылған естеліктер жарияланған.

    3-кітап. «ТӘУЕЛСІЗДІК ОСЫЛАЙ БАСТАЛҒАН» – көтерілістің қалай басталғандығы, қалай өріс алғандығы баяндалады. Бүгінгі ел тәуелсіздігіне  сол кезеңдердегі талпыныстардың тигізген әсері, ықпалы болғандығы айтылады.

    4-кітап. «ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТ» – желтоқсан көтерілісінде әділет іздеп, азап шеккен ұрпақтың адал ниеті, алаң көңілі, тағдыр тәлкегі кеңінен баяндалады. Жастарды жаппай жазалауға әмір бергендер мен оның орындаушыларының қылмыстық әрекеттері әшкереленеді.

    5-кітап. «ЕЛДІКТІ САҚТАҒАН ЕРЛІК» – желтоқсан көтерілісінің тілді, ел аумағының тұтастығын сақтап қалудағы мәні ашып көрсетіледі. Азаттық үшін арпалысқандардың ерлік ісіне жаңаша көзқараспен баға беріледі.

    6-кітап. «СТАТЬИ И ПУБЛИКАЦИИ ЗА 1986-1995 ГОДЫ» – желтоқсан көтерілісі туралы орыс тіліндегі мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар.

    7-кітап. «СТАТЬИ И ПУБЛИКАЦИИ ЗА 1996-2005 ГОДЫ» желтоқсан көтерілісі туралы орыс тіліндегі мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар.

    8-кітап. «СБОРНИК ДОКУМЕНТОВ» – Партия, Кеңес, Сот, Прокуратуоа, ҰҚК органдарының ресми құжаттары, қудаланғандар мен қудалаушылар тізімі жарияланған.

    9-кітап. «СБОРНИК ДОКУМЕНТОВ» – ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы комиссиясының 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына түпкілікті баға беру жөніндегі материалдары.

    10-кітап. «СБОРНИК ДОКУМЕНТОВ» – Қазақстан Республикасы конституциялық сотының құжаттары мен материалдары, әкімшілік, сот, құқық қорғау орагандарының, олардың жоғары лауазымды қызметкерлерінің желтоқсан оқиғасы кезінде қолданған шаралары көрсетілген.


    Қоғамдық қор