Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    «АЗАТ» Қазақстанның Демократиялық Партиясы / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 26.12.2006 - Болат Әбіловті қудалауды тоқтатуды талап ететін қол жинау акциясы Қазақстан азаматтарының бір миллион қолы жиналды.
    26.12.2006 - Болат Әбіловті қудалауды тоқтатуды талап ететін қол жинау акциясы Қазақстан азаматтарының бір миллион қолы жиналды.
      Версия для печати

    Ақпараттық хабарлама

    Болат Әбіловті қорғау жөніндегі Қоғамдық комитет демократиялық оппозиция лидерлерінің бірін саяси себептермен қудалауды тоқтатуды талап ететін қол жинау акциясы қазақстандықтар арасында кең қолдау тапқанын хабарлайды. Желтоқсан айының соңында Қазақстан азаматтарының бір миллион қолы жиналды. «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясының тең төрағасы Болат Әбіловтің қоғамдық іс-әрекетін қолдап және оған көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап ететін телефон қоңыраулары, хаттар мен өтініштер Қоғамдық комитетке күн сайын келіп түсіп жатыр. Халықтың осылайша ортақ ынтымақтастық білдіруі –бұл соттың ешқандай заңдық негізі жоқ екенін, бірақ билік соған қарамастан оны тек саяси мақсатпен қудалап отырған шынайы себептерін түсінетінін білдіреді. Қоғамдық көңіл-күйдің осындай «барометрі» – анық азаматтық позициясы бар, принципті саясаткер және үлкен ерлік көрсетіп жүрген Болат Әбіловке деген елдің сенімінің нақ көрсеткіші. Біз - Бас прокуратурадан және Қаржы полициясынан еліміздің миллиондаған азаматтарының үніне құлақ асып, Болат Әбіловті заңсыз қудалауын тоқтатуды талап етеміз. Жиналған қолдар ҚР Президентінің Әкімшілігіне табыс етіледі.
    Болат Әбіловті қорғау жөніндегі Қоғамдық Комитет