Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    «АЗАТ» Қазақстанның Демократиялық Партиясы / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 05.02.2007 - 10 ақпан (сенбі күні) митинг өткізіледі.
    05.02.2007 - 10 ақпан (сенбі күні) митинг өткізіледі.
      Версия для печати

    2007 жыл, 10 ақпан (сенбі күні) сағат 12:00 мен 14:00 аралығында, ҚР ғылым академиясы алдындағы Шоқан Уәлиханов алаңында ресми рұқсат етілген митинг өткізіледі.

    ОСЫДАН БІР ЖЫЛ БҰРЫН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ ЛИДЕРІ АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫ МЕН ОНЫҢ КӨМЕКШІЛЕРІ ҚАСТАНДЫҚПЕН ӨЛТІРІЛГЕН


    ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫЛЫҚТАР!

    ДОСТАР!

                2007 жыл, 10 ақпан (сенбі күні) сағат 12:00 мен 14:00 аралығында, ҚР ғылым академиясы алдындағы Шоқан Уәлиханов алаңында, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктестері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды еске алауға арналған – «Біз сені ұмытпаймыз, Алтынбек!» атты  ресми рұқсат етілген митинг өткізіледі.

    Жеке басының және туыс-жақындарының қауіпсіздігі мен келешек ұрпақтың жарқын болашағы алаңдататын баршаңызды осы митингіге қатысуға шақырамыз!

     Өркениетті демократиялық елде өмір сүруді қаласаңыз, бірігіп күш жұмылдырайық!


    БҰЛ КҮНІ БІЗ, ӨЗІМІЗДІҢ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУГЕ ҚҰҚЫМЫЗ БАРЫН ДӘЛЕЛДЕЙІК!

    ӨМІРДЕН ОЗҒАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛА ОТЫРЫП, ТІРІЛЕРДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙЫҚ!

     

    Болат Әбілев                                               Ораз Жандосов                                Төлеген Жүкеев


    «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-сы