Қызметі         
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • Біздің жаңалықтар
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 11.11.2008 - ДIНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ КIТАП-АЛЬБОМЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРIНЕ АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ-МӘЛIМЕТI
    11.11.2008 - ДIНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ КIТАП-АЛЬБОМЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРIНЕ АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ-МӘЛIМЕТI
      Версия для печати

    ДIНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ КIТАП-АЛЬБОМЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРIНЕ АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ-МӘЛIМЕТI

    Фотоальбом көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым, академик Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналады.
    Үш дүркiн Социалистiк Еңбек Ерi Д.А.Қонаев 25 жыл мемлекет басшысы болды. Он жыл Министрлер Кеңесi Төрағасының орынбасары және жетi жыл Төрағасы, сондай-ақ, Қазақстан Ғылым Академиясының президентi қызметтерiн атқарды.
    Елiмiзде де, шет елдерде де көшелерге, мектептерге, институттарға, кәсiпорындарға оның есiмi берiлген. Алматы, Тараз, Шымкент, Қапшағай және басқа да қалалар мен аудандарда оған арнап соғылған ескерткiштер мен бюстiлер бар.
    Ол өз халқының сый-құрметiне бөленiп, қолдауына ие болу арқылы, ел алдында бедел-абыройын сақтап қалды.
    Кiтаптың басында Д.А.Қонаевтың әкесi – Минлиахмед Қонаевтың өмiр жолы мен Қонаевтар әулетiнiң шығу тегiн баяндайтын қолжазбасы берiлген. Үш жүз беттен асатын кiтапта Дiнмұхамед Ахметұлының барлық өмiр жолынан сыр шертетiн сирек кездесетiн суреттер берiлген. Барлық фотосуреттер Қонаветың жеке қорынан алынған әрi оның көпшiлiгi тұңғыш рет жарияланып отыр. Осы бiр ерекше суреттерде ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи сәттерi айшықталған.
    Алғысөзiн жазған ақын, қоғам қайраткерi Олжас Омарұлы Сүлейменов. Фотоальбомды дайындаған Д.А.Қонаевтың немересi Қонаев Диар Асқарұлы.
    Кiтаптың соңынан Дiнмұхамед Ахметұлының өмiрбаянын оқи аласыз.
    Туынды Әбiлев Болат Мұқышұлының қолдауымен шығарылды.
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22