Қызметі         
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • Біздің жаңалықтар
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 25.11.2008 - «KUAT» корпорациясының басшысы Олег Нам бір сөзінде: «Барлығы да сіздер үшін, сіздердің игіліктеріңіз үшін» – деген еді.
    25.11.2008 - «KUAT» корпорациясының басшысы Олег Нам бір сөзінде: «Барлығы да сіздер үшін, сіздердің игіліктеріңіз үшін» – деген еді.
      Версия для печати

    «KUAT» корпорациясының басшысы Олег Нам бір сөзінде: «Барлығы да сіздер үшін, сіздердің игіліктеріңіз үшін» – деген еді.

    БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

    Алматы қаласы 25 қараша 2008 жыл

    Кезінде «KUAT» корпорациясының бірінші жетекшісі Олег Нам көпшілік алдында: «Барлығы адамдар үшін, барлығы адамдарға арналады!» деп мәлімдеген болатын. Құрылысты қарқынды жүргізіп, қала тұрғындарына көмек көрсететіндігі туралы жомарт уәдесін Олег Юрьевич Алматы қалалық мәслихатына сайлау өткізу қарсаңында да сан мәрте қайталаған.
    Алайда, құрылыс алпауыты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі әрі Алматы қалалық мәслихатының депутаты Олег Нам мырзаның айтқан сөздері мен құрғақ уәдесі өкінішке орай шындыққа айналмады. Жүздеген үлескерлер алдында жауапкершілікке алған келісім шарт міндеттерін корпорация орындамады. Алматыдағы көпшілік құрылыс нысандардың қолданыс мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан еш қозғалыссыз бастапқы қалпында қатып тұр.
    Үлескерлердің қаржысы салынған Алматыдағы құрылыс нысандарын толық аяқтау үшін мемлекеттен бөлінген 20 миллиард теңгенің шамамен 13 миллиарды «KUAT» корпорациясына арналған. Дей тұрғанмен аталмыш қаржы тиісті жолмен жұмсалмауда, әлі күнге дейін «Тау Самал», «Үш Төбе» ықшамаудандарында және 29/1 кварталында орналасқан құрылыс нысандары салынып біткен жоқ. «Мега Сайран» ауданындағы 20-шы кварталда бір үйдің іргетасы ғана құйылса, ал 42-ші кварталда 104 жер учаскесінің бүгінде 54-і ғана сатып алынған. Ақшасын салып, алданып қалған үлескерлер аталған корпорацияның бас ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізіп, баспаналарын аяқтап беруді талап еткен.
    Баспасөз материалдарына сүйенсек, 9 қыркүйек күні БТА басшысы Роман Солодченко үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің алдында «KUAT» корпорациясының мемлекеттік бағдарлама бойынша үлескерлерге тиесілі құрылысты аяқтауға үкімет тарапынан бөлінген 134 миллион долларды негізсіз жұмсағандығын айтып, шағым білдірген. Әзірге бұл мәліметті ешкім теріске шығарған жоқ.
    Қараша айының басында «KUAT» өзінің 500 жұмысшысын қысқартты, корпорация қарамағындағы басқа кәсіпорындар мен нысандарындың берешегін есептемегенде, «Қуат-Жоба» аталатын жобалық институттың жұмыскерлерге беруі тиіс жалақы қарызының өзі ғана 200 миллионға жеткен.
    Нәтижесінде, біз көріп отырғандай ірі құрылыс компанияларының жетекшілігі, оның ішінде «KUAT» корпорациясы қоғам ішінде әлеуметтік түйткілдер туындатып отыр. Олег Намның компаниясы алматылықтарды алдап соқты, олардың көпшілігі маңдай термен тауып салған қаржатының орнына құр уәдеден басқа ештеңе алмады. Кейбіреулері тіпті ашық аспан астында қаңғырып қалды. Сондықтан біз Олег Намның қалалық мәслихаттың депутаты болуға моральдік құқы жоқ деп санаймыз.
    Біз өз кезегімізде үлескерлермен тізе қоса отырып, 19-шы аймақтың сайлаушылары мен бүкіл қала тұрғындарының арасында Намның қызметінен кетуін талап етіп қол жинау кампаниясын ұйымдастырамыз.
    Сонымен қатар біз қаржы полициясы мен прокуратура орындарынан «KUAT» корпорациясының қызметін кешенді түрде тексеруді талап етеміз.

    «Азат» ҚДП-ның Алматы қалалық
    бөлімінің жетекшісі Қадыржан Асқаров

    «Талмас» қоғамдық ұйымының төрағасы
    Айнұр Құрманов

    42-ші кварталдың белсенді топ өкілі
    Роман Мольков
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22