|
| ОСДП АЗАТ / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 06.10.2009 - Франция министрі: «Жүктелген міндет орындалуы тиіс» |
 |
| 06.10.2009 - Франция министрі: «Жүктелген міндет орындалуы тиіс» |
|
Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясының төрағасы Болат ӘБІЛЕВ пен ЖСДП төрағасы Жармахан ТҰЯҚБАЙ үстіміздегі сейсенбіде Астанада Францияның сыртқы істер министрі Бернар КУШНЕРмен кездесті.
Кездесу барысында негізгі тақырып – Қазақстанның алдағы жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төраға болуы төңірегінде өрбіді. «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілевтің пікірінше, ресми Астана ЕҚЫҰ-ның басты талаптарының бірде-бірін орындай алған жоқ. Ал, ел Конституциясына енгізілген 2007 жылғы түзетулер мен толықтырулар, Қазақстанның демократиялық бағытта жан-жақты дамуын мүлдем жоққа шығарып отыр. «Қазақстанда демократиялық үрдістерді дамыту ең басты, өзекті мәселе болып табылады, мұны ЕҚЫҰ құрамындағы мемлекеттер түсінуі керек», - деді Болат Әбілев. «Дипломатиялық лауазымды адам құқы мен еркіндіктері үшін белсенді күрес жолымен бірге алып жүру оңай емес», деп мәлімдеген Бернар Кушнер, «Қазақстан басшылығы мойнына жүктеген міндеттемелер мен елді демократияландыру шаралары қалайда жүзеге асуы тиіс» деп есептейді. Министр мырза, сондай-ақ, мемлекет басшысының «Парламенттің келесі құрамы кем дегенде екі партиядан тұратын болады, бұл заң бойынша бекітілген» дегенін алға тарта отырып, оппозиция жетекшілерінен: «Сіздер 7 пайыздық кедергіден өте аласыздар ма?» - деп сұрады. Өз тарапынан оппозиция өкілдері: «Егер елімізде әділ де шынайы сайлау өтетін болса, яғни телевизия арқылы ашық дебаттар жүргізіліп, сайлау комиссиялары паритеттік негізде құрылатын болса, біз билік партиясымен тең деңгейде бәсекелесіп, оларды жеңіп шыға алар едік. Бұған 2004 және 2007 жылғы сайлау қорытындылары көрсеткен нақты мәліметтер куә» дегенді айтады.
|
|