Қызметі         
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • Біздің жаңалықтар
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 23.11.2009 - Баспасөз хабарламасы
    23.11.2009 - Баспасөз хабарламасы
      Версия для печати

    16-18 қараша күндері «Азат» ЖСДП-ның тең төрағалары Болат Әбілев пен Жармахан Тұяқбайдың Павлодар, Семей және Өскемен қаласының тұрғындарымен болып өткен кездесуі барысында – әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері, бағалар мен тарифтердің қымбатшылығын ауыздықтау, шенеуніктер мен жұмыс берушілердің озбырлығынан қорғау, экология мәселелерін шешу негізгі тақырыптарға айналды.

    Социал-демократтардың көшбасшылары «Азат» ЖСДП жұмыстарының басталғаны жөнінде, сондай-ақ біртұтас оппозициялық партияның болашақ бағдарламалық әрекеттері туралы әңгімелеп берді. Жиналғандардың көптеген сұрақтарына жауап бере отырып, саясаткерлер зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерін көтеру, ең төменгі өмір сүру деңгейінің лайықты көлемін қамтамасыз ету және жұмыссыздықты азайту бойынша шараларды жүзеге асырудағы біріккен оппозицияның жоспарларын ерекше атап өтті. «Жол картасы» атты Үкіметтік бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін тек қана аздаған және уақытша жеңілдіктер алып келді, – деп ішінара атап өтті Б. Әбілев. – Жұмыспен қамту жағдайын түбегейлі жақсартуға, шағын бизнеске іс жүзінде қолдау көрсететін нақты, бәрі көрініп отыратын және бәсекелестікке қабілетті экономиканы құру бойынша мемлекеттік шаралар ғана қабілетті болып табылады».
    Бұдан басқа, кездесуге келген қазақстандықтар, өздерінің өңірлері үшін ерекше көкейкесті болып табылатын мәселелерді көтерді. Өскемендіктер «Казцинк» комбинаты мен Ульба зауытының жақынға орналасуынан болып жатқан атмосфераны «шектен тыс» ластаушылықпен күресу қажеттігі туралы айтты. Семей қаласының тұрғындары бұрынғы уақытта мәжбүрлі түрде таратылған Семей облысын қалпына келтірудің «экономикалық және тарихи қажеттілік» екенін атап көрсетті. Павлодарлықтар қазіргі бағалардың одан әрі өсіп жату себебін монополист-кәсіпорындардан көріп, олардың озбырлығына бірнеше мәрте ерекше назар аударумен болды.
    Б. Әбілев пен Ж. Тұяқбай сондай-ақ Павлодар және Өскемен қалаларында болып өткен «Азат» ЖСДП-ның партия конференцияларына қатысты. Осы іс-шаралар барысында – өз бағдарламаларын қарау үшін ұсынған делегаттардың ішінен кандидаттарын іріктей отырып, партияның облыстық филиалдарының төрағаларын балама түрде сайлау іс-шаралары болып өтті.
    Ашық дауыс беру нәтижесінде, «Азат» ЖСДП-ның Павлодар облыстық филиалының төрағасына Геннадий Шегебаев, Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасына – Иван Булгаков сайланды.
    «Өңірлік филиалдар біздің партиямыздың саясатын жүзеге асыруда ғана емес, сонымен бірге оның бағытын анықтауда да өздерінің маңызды рөл атқаратындықтарын сезінуі өте маңызды», – деп атап көрсетті, жаңа сайланғандарға ақжол тілеген Ж. Тұяқбай. – Міне дәл осында, жүзеге асырулар әлі алда тұрған біздің дамуымыздың мол күші жатыр».
    «Азат» ЖСДП көшбасшыларының Қазақстан өңірлері бойынша сапарлары жалғасуда. 23-25 қараша аралықтарында Б. Әбілев пен Ж. Тұяқбай Тараз, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларында болады.

    «Азат» ЖСДП-ның баспасөз қызметі, т. (727) 266 36 47
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22