|
| ОСДП АЗАТ / Қызметі / Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар / 25.02.2010 - АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
 |
| 25.02.2010 - АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
|
Еліміздің жастар ұйымдарының жетекшілерін, белсенділері мен мүшелерін, жас ақындарды, журналистер мен қоғам қайраткерлерін 11 сәуір 2010 жылы өтетін жастардың жалпыұлттық митингісін ұйымдастыру комитетінің отырысына шақырамыз!
18 ақпан 2010 жылы «Рух пен тіл» жастар клубы «Біз өзгерісті қалаймыз!» атты дөңгелек үстел өткізген болатын. Оған жастар республикалық ұйымдарының жетекшілері мен оның мүшелері, журналистер мен ақындар қауымы, ЖОО студенттері қатысқан еді. Жиында арнайы қарар қабылданып, 11 сәуір 2010 жылы жастардың жалпыұлттық митингісін өткізу туралы шешім қабылданды. Митингіні ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы 25 ақпан 2010 жылы (бейсенбі) сағат 14.30-да Мақатаев, 22 көшесінде (Жетысуйская к-сі қиылысы), («Жас Алаш» газетінің редакциясында) өтеді. Азаматтық белсенділік танытқысы келетін жастарды отырысқа шақырамыз!
Баспасөз қызметі: 8 705 983 6870, 3975401 Инга Иманбай
|
|