Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлаған қорытындысына наразылық
Қазақстанның демократиялық күштерінің
Мәлімдемесі
Алматы қаласы 4 сәуір, 2007 ж.
Қазақстанның демократиялық күштері Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау қорытындысы бойынша өз наразылығын білдіреді. Өз кандидаттарын барлық 354 комиссия бойынша ұсынған біздің партияларға, дауыс беру қорытындысы бойынша 821 орынның 17-і ғана бұйырған болып шықты.
Ал, сайлау комиссияларының құрамына, мәселен «Әділет» партиясынан 197 адам, Коммунистік халықтық партиядан 145, Патриоттар партиясының 151 адам, «Ауыл» партиясынан 126 адам енгені анықталды. Сол сияқты, қосымша сайлауды есептегенде алматылық сайлау комиссиялары құрамында «Нұр-Отан» партиясының мүшелері 1034-ке, ал «Руханияттың» мүшелері 335-ке жетіпті.
Оппозициялық демократиялық партиялардың саны болса, Алматының сайлау комиссияларына бұған дейін сайланған өкілдерін қоса есептегенде, небәрі 0,7 пайызды құрап отыр.
Осыған орай, біз сайлау комиссияларында барлық партиялардың өкілдерінің болу құқын мойындай отырып, жалпы халықтық сайлауларда кей партиялардың Алматыда аз ғана дауыс жинағанына қарамастан, қалалық сайлау комиссияларына бүгін кеңінен қатысуы сынды қисынсыз қайшылыққа назар аударуға мәжбүрміз.
Сондықтан, біз Алматы қаласында территориалдық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары бойынша өткен қосымша сайлауды – кезекті көзбояушылық фарс деп санайтынымызда мәлімдейміз. Негізінен «Нұр-Отан» ХДП мүшелерінен тұратын қалалық мәслихат депутаттары алдағы сайлауда сөзсіз жеңілетіндерін біліп, «мәселе кімнің қалай дауыс бергенінде емес, мәселе дауысты қалай санайтынында» деген сталиндік өлмес қағиданы басшылыққа алып, еліміздегі ең үлкен мегаполистегі беделді партиялардың өкілдерін сайлау процесін бақылау құқықнан дөрекі түрде айырып отыр.
Осыдан кейін, қалалық мәслихат депутаттары алдын ала жоспарланып қойған нәтижеге қол жеткізу мақсатында, қазіргі билік үшін икемделіп жасалған сайлау заңдарын ашық бұзуға дейін барғанына таң қалуға бола ма?
Олар сайлау барысында билік маңайындағы партиялардың толық бақылауын орнату үшін, әр түрлі қулықтарға да барып жатты. Мәселен, бізді «Асар», Аграрлық және Азаматтық партиялардың өкілдерін мүшелікке қабылдау процесі тым ұзаққа созылып кеткені де алаңдатып отыр. Демократиялық күштер сайлау комиссияларына өз өкілдерін өткізе алмай жүргенде, президенттің «Нұр-Отан» партиясының мүшелері барлық сайлау комиссияларында басым көпшілікке қол жеткізген, ал оларға пропрезиденттік серіктес партиялардың өкілдерін қоссақ, онда олар сайлау комиссияларын толық бақылап отыр деуге негіз бар! Осыған қарап-ақ, мұндай жағдай мәслихаттар сайлауына дейін-ақ енгізіліп, бекітіліп, тіпті парламенттік сайлау да осы тұрғыда өтуі мүмкін деп пайымдауға жөн бар.
Осы арада, билік өзі уәде еткен декларацияларын орындамай жүргенін ерекше атап өткіміз келеді. Айталық, президент Н. Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауында Орталық сайлау комиссиясына «халықаралық стандарттарға және біздің қоғамның дамуына толықтай сәйкес келетін сайлау механизмдерін сапалы түрде жетілдіретін ұсыныстарды...» 2005 жылдың аяғына дейін жасап шығаруды тапсырған болатын. Осыған орай, бүкіл әлемде сайлау комиссияларының құрамына барлық саяси партиялардың өкілдерін автоматты түрде территориялық комиссиялар кіргізетін жүйе қалыптасқанын еске сала кеткіміз келеді. Демократиялық күштер осындай ұсыныспен талай рет шыққан, бірақ әр кезде оған құлақ аспай келеді.
Енді, міне біздегі билеуші режим сайлау заңнамаларын жетілдірудің басты проблемаларына көңіл бөлудің орнына, сайлау процесінің барлық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін көпе көрнеу аяққа басуға жол беріп отыр. Сөйтіп, Қазақстанда әділ де ашық сайлаулардың өтуін, саяси бәсекелестік болу мүмкіндігін, тіпті нақты демократияның өзін жоққа шығаруға дейін барып отыр.
|
Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
|
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
|
Қазақстанның демократиялық күштері
|