Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    «АЗАТ» Қазақстанның Демократиялық Партиясы / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 23.05.2007 - МӘЛІМДЕМЕ
    23.05.2007 - МӘЛІМДЕМЕ
      Версия для печати

    Қазақстанның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты

    Қазақстанның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты

    МӘЛІМДЕМЕ

                Қазақстанның демократиялық күштері Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың көпшілігімен мүлдем келіспейді. Олар Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттеріне қайшы келеді. Және  мемлекеттегі билікті бөлісу мен тепе-теңдігі принциптеріне, қазақстандықтардың құқы мен еркіндігіне шектеу қояды.

                Өте қысқа мерзімде Парламент қолдап, асығыс қабылданған бұл өзгерістер мен толықтырулар кезінде Сенат пен Мәжіліс депутаттығына үміткерлер үшін «Қазақстанда өмір сүру мерзіміне байланысты» берілді. Сайлаушылар сайламайтын орган – Сенатқа заң шығару өкілеттілігі жүктелді. Ендігі жерде президентке Парламент пен Мәжілісті және барлық деңгейдегі мәслихаттарды кез келген уақытта ешбір негізсіз таратуға шектеусіз құқық береді. Мұнан былай мемлекет басшысы Сенаттағы депутаттардың үштен бір бөлігіне жуығын және Мәжілістің 9 депутатын тағайындай алады.

                Алдымен Парламентке заңсыз сайланған депутаттардың құлшынысымен, сонан кейін Назарбаевтың өзінің қолдауымен, Конституциядағы бір адам президенттікке екі реттен артық сайланбайды делінген 4-баптың 42-тармағы мұнан былай елдің бірінші президентіне қатысы жоқ. Бұл азаматтардың бәрінің заң алдындағы теңдігі мен Конституцияның 53 және 91 баптарында көрсетілген Негізгі заңға өзгерістер енгізу туралы процедураның бұзылғанын көрсетеді.

                Біз президенттік институттың шектеусіз билікке қол жеткізгенін, осы ретте шамадан тыс саяси өрескелдіктің орын алып отырғанына  Қазақстан азаматтарының көзін жеткізуді бүгінгі, ертеңгі ұрпақ алдындағы парызымыз бен міндетіміз деп білеміз. Бұл – Қазақстан Республикасында құқықтық демократиялық мемлекет құруға талпынып отырған қазақ халқы мен өзге де азаматтардың тарихи және заңды ұмтылысын аяққа таптау. Мұндай авторитаризм әлемдік деңгейде ешбір бәсекелестікке төтеп бере алмайды.

     

    ЖСДП төрағасы

    «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП тең төрағалары

    Жармахан Тұяқбай

    Болат Әбілев

    Ораз Жандосов

    Төлеген Жүкеев

     


    ЖСДП - «Нағыз АҚ ЖОЛ»