Қызметі       
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • БАҚ жарияланымдары
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    «АЗАТ» Қазақстанның Демократиялық Партиясы / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 23.06.2007 - ҮНДЕУ
    23.06.2007 - ҮНДЕУ
      Версия для печати

    «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП ІІІ-съезі делегаттарының партия мүшелері мен жақтастарына үндеуі

     «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП ІІІ-съезі делегаттарының партия мүшелері мен жақтастарына

    үндеуі

     

    Құрметті мүдделестер, қадірлі достар!  

    Біз, «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП ІІІ-съезі делегаттары, Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының мыңдаған мүшелерінің атынан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясымен бірігу мақсатында, партияны қайта құру туралы шешімді қолдауға шақырамыз. Бұл қадам бізге оңай тиген жоқ, себебі, жақында қабылданған антидемократиялық өзгерістерден соң, елімізде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайды жан-жақты және принципиалды түрде талқылай келе, біздер партия съезінде осындай шешімге келуге мәжбүр болдық. Авторитарлық режимнің бұл әрекеттері халықтың: Қазақстан саяси модернизацияға барады деген үмітін жоққа шығарып отыр.

    Біздер - еліміздің барлық азаматтары мен саяси күштері - авторитаризмнің күшейіп, тоқыраудың үстемдік етуімен және Қазақстанның әлемдік даму жолынан кері шегінуімен келіспей, соларға тосқауыл қойып, біріккенде ғана, ұзаққа созылып кеткен тарихи өткелден тезірек өтіп, алдағы саяси кампанияларда жеңіске жетеміз деп санаймыз.

    «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-сы мен ЖСДП-ның бірігуіндегі стратегиялық мақсаты – Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін биліктің «Нұр Отан» партиясына бәсекелес бола алатын нағыз демократиялық оппозиция құру. Ал бірігудің тактикалық мақсаты – алдағы Мәжіліс сайлауында барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу.

    Біздер бүгінгі күнге дейін партиялардың жіктелуін ғана көріп келдік. Ал біздің бүгінгі съезіміз демократиялық оппозицияның жаңа тарихи кезеңге – күшті де табанды партиялардың бірігіп, біртұтас екпінді саяси күшке айналуына жол ашып отыр. Бұл процесті биік енді тоқтата алмайды. Біз бүгін осы съезд атынан еліміздің барлық прогресивті күштерін құрылтай шешімім қолдап, біріккен демократиялық оппозиция қатарына өтіп, бізді қолдауға шақырамыз!!

    Біздің күшіміз – еліміздің барлық демократиялық күштерінің бірлігінде!

    Біз бірігу арқылы ғана жеңіске жететінімізге сенеміз!

     

    «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның ІІІ-съезінде қабылданды.

    Алматы қ.

    2007 жыл, 23-маусым.

     


    "Нағыз АҚ ЖОЛ" ҚДП баспасөз қызметі