Демократиялық күштер (ЖСДП мен «НАҒЫЗ АҚ ЖОЛ» ҚДП) өкілдері Жалпы жиналысының қарары
Демократиялық күштер (ЖСДП мен «НАҒЫЗ АҚ ЖОЛ» ҚДП) өкілдері Жалпы жиналысының қарары
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен «НАҒЫЗ АҚ ЖОЛ» Қазақстан демократиялық партиясының бірігуі туралы
Демократиялық күштер (ЖСДП мен «НАҒЫЗ АҚ ЖОЛ» ҚДП) өкілдерінің Жалпы жиналысы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен «НАҒЫЗ АҚ ЖОЛ» Қазақстан демократиялық партиясының қосылуын толықтай қолдайды. Бұл қадам Қазақстанда демократиялық қозғалыстың даму барысымен үндес және озық күштер бірлігін бекіту мақсатында жүзеге асып отыр. Біздің бірігуіміз еліміздің Конституциясына демократияға қарсы түзетулер енгізіліп, саяси жаңаруға деген қоғам үміті үзілген қазіргі кезеңде аса өзекті. Мұндай жағдайда, мемлекетті демократияландыру ісі қоғамның барлық салауатты күштеріне жүктеледі.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет ел өміріндегі барлық проблемалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуде айтарлықтай тәжірибесі бар екі бірдей қуатты да табанды партияның қосылуы нәтижесінде еліміздің саяси аренасына топтасқан әрі серпінді жаңа тұрпаттағы демократиялық күш шықпақ. Ол «Нұр-Отан» партиясының қаусап қалған авторитарлық идеологиясына азат, әділетті, гүлденген мемлекет құндылықтарын қарсы қояды. Біз Қазақстан халқының жарқын болашағы жолындағы идеяларымызды жүзеге асыру үшін «билік партиясын» міндетті түрде жеңеміз! Біз, демократиялық күштер өкілдерінің Жалпы жиналысына қатысушылар, еліміздің барлық озық күштерін, Отанымыздың тағдырына алаңдаулы барлық азаматтарды біріккен екі партияны қолдауға және біздің қатарымызға қосылуға шақырамыз! Халықтың еркін білдіру нәтижелерін ашық түрде бұрмалауға, заңсыздық пен жаппай жемқорлыққа төзбейтіндер, қоғамның бай және кедей болып жікке бөлінуін қаламайтындар, жауапкершілікті билік пен әлеуметтендірілген мемлекетті, отандық кәсіпкерлікті, сапалы тегін білім мен медицинаны қолдайтындар үшін біздің есігіміз айқара ашық.
Біз азат, әлеуметтендірілген, шын мәнінде тұрақты мемлекет – Қазақстан Республикасында өмір сүргісі келетін барлық азаматтарды қатарымызға қосуға дайынбыз!
Біздің күшіміз бірлікте!
Біз біріксек, жеңіске жетеміз!
Біз бүгін өзіміздің социал-демократиялық ұрандарымызды жаңа сеніммен, жаңа шешіммен, жаңа күшпен бекітеміз.
Олар: АЗАТТЫҚ, ӘДІЛЕТТІК; ЫНТЫМАҚ!
Алматы, 23 маусым 2007 ж.
www.osdp.kz
|