|
| ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 29.08.2009 - Демократиялық қауымдастықтың МӘЛІМДЕМЕСІ |
 |
| 29.08.2009 - Демократиялық қауымдастықтың МӘЛІМДЕМЕСІ |
|
Демократиялық қауымдастықтың
МӘЛІМДЕМЕСІ
Мұхтар Жәкішевтің қамауда отырғанына екі айдан асып бара жатқанына қарамастан оған әлі күнге туған-туысқандарымен кездесуге мүмкіндік берілмей отыр. Сондай-ақ оның отбасы таңдап алған адвокатқы да іске араласуына рұқсат берілмеуде. М.Жәкішевтің тағдыры мен денсаулығы жайлы газеттер мен арнаулы брифингтердегі үстірт ақпараттардан ғана құлағдар болып отырған оның отбасының хал-ахуалын көз алдымызға елестетудің өзі ауыр. Сыртқы дүниемен ешбір байланыс жоқтығын, ешбір ақпарат құралын ала алмайтындығын айыпталушының өзі де айтып отыр, яғни бұл да өрескел құқық бұзушылықтардың бірі болып саналады. «Уран ісіне» құпия белгісін қоюға себеп боларлықтай ақылға сыйымды дәлел жоқ. Оның үстіне М.Жәкішевтің қандай уран кеніштерін «жекешелендіріп» алғаны туралы арнаулы қызметтің әуел баста-ақ жарты әлемге жар салды. Әлі күнге конспиративті қамауда отырған М.Жәкішевтің бұрынғы орынбасарларының «мойындауларына» негізделген арнаулы сюжетті телеэфирден таратып, тергеудің құпиялылығын арнаулы қызметтің өздері-ақ бастан-аяқ жоққа шығарды. М.Жәкішевтің адвокат алуға заңды құқығын аяққа таптап отырғанына қарамастан, арнаулы қызмет оның «жағдайы жақсы» дегенді аңғарту үшін ақпараттық акциялар жасап отыр. Ал шындығында қамауға алынғанға дейін қан-қысымын емдету мақсатында Еуропаға барған оның денсаулығы өте қауіпті жағдайда. Ал қамаудағы заң бұзушылықтардан кейін бұл қауіптің еселеп артатынына күмән жоқ. «Қазатомөнеркәсібінің» жетекшісіне қатысты қылмыстық істі объективті зерттеу оның өзі таңдап алған адвокатсыз жүзеге асуы мүмкін емес, ал әділ тергеу жүргізудің құрамдас бөліктерінің бірі – айыпталушыны өз отбасы мүшелерімен жолықтыру. Біз М.Жәкішевті тәуелсіз медициналық тексеруден өткізуді және қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызып, сапалы дәрігерлік көмек көрсетуді талап етеміз.
Асан-Aта Карішал Атабаев Болат Аспандиярова Маржан Ақкөзин Мадат Әбілев Болат Әленова Дәметкен Әлібаев Серікбай Әсіпов Сапабек Бәпи Ермұрат Батталова Зәуреш Ғаббас Қабышұлы Дуванов Сергей Ерғалиева Гүлжан Ерімбетов Нұрлан Жандосов Ораз Жовтис Евгений Жүкеев Төлеген Калеева Тамара Кремениш Николай Қожахметов Асылбек Қонаев Диар Құрманов Айнұр Құттықадам Сейдахмет Матаев Сейтқазы Мизинов Юрий Мұқтарбеков Серғазы Савостина Ирина Сарымов Айдос Сәрсенбай Рысбек Свиридов Андрей Своик Пётр Таукина Розлана Төреғожина Бақытжан Тұрмағамбетова Жеміс
|
|