|
| ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 29.08.2009 - Демократиялық қауымдастықтың МӘЛІМДЕМЕСІ |
 |
| 29.08.2009 - Демократиялық қауымдастықтың МӘЛІМДЕМЕСІ |
|
Демократиялық қауымдастықтың
МӘЛІМДЕМЕСІ
26 шілде күні «Қапшағай-Қараой» автотрассасының бойындағы кездейсоқ апат салдарынан Алматы облысы Балқаш ауданы Ақдала ауылының тұрғыны К.Молдабаев қаза болды. Осынау орны толмас қазаға орай марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Жол-көлік оқиғасының арасында тәуелсіз құқық қорғаушы ретінде елімізге ғана емес шетелдерге де танымал белгілі қоғам қайраткері Евгений Жовтистің болғандығы өте өкінішті. Ол көптеген жылдар бойы авторитаризмді аяусыз сынаушылардың қатарында жүрді, сондай-ақ адам құқығын қорғау саласындағы белді сарапшы ретінде танылды. Әсіресе Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер қарсаңда елдегі адам құқығының қаншалықты сақталып отырғандығы жайында сөздері халықаралық резонанс туғызып келеді. Осы тұрғыдан алғанда қайғылы оқиғаны принципшіл құқық қорғаушыны кемсіту мен қысым жасау үшін пайдалануға жол беруге болмайды деп санаймыз, сондай-ақ құқық қорғау органдарын тексеру жұмыстарын егжей-тегжейлі жүргізуге шақырамыз
Асан-Aта Карішал Атабаев Болат Аспандиярова Маржан Әбілев Болат Әленова Дәметкен Әлібаев Серікбай Әсіпов Сапабек Әуезов Мұрат Бәпи Ермұрат Батталова Зауреш Дуванов Сергей Ерғалиева Гүлжан Ерімбетов Нұрлан Жандосов Ораз Жүкеев Төлеген Калеева Тамара Кремениш Николай Қожахметов Асылбек Қонаев Диар Құрманов Айнұр Құттықадам Сейдахмет Матаев Сейтқазы Мизинов Юрий Мұқтарбеков Серғазы Савостина Ирина Сарымов Айдос Сәрсенбай Рысбек Свиридов Андрей Своик Пётр Таукина Розлана Төреғожина Бақытжан Тұрмағамбетова Жеміс
|
|