Қызметі         
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • Біздің жаңалықтар
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 16.09.2009 - «АЗАТ» ҚДП-ы және «ӘДҚ» РҚБ-нің МӘЛІМДЕМЕСІ
    16.09.2009 - «АЗАТ» ҚДП-ы және «ӘДҚ» РҚБ-нің МӘЛІМДЕМЕСІ
      Версия для печати

    «АЗАТ» ҚДП-ы және «ӘДҚ» РҚБ-нің МӘЛІМДЕМЕСІ

    20-жылдық жекедара және ауысымсыз басқару Қазақстан өмірінің барлық жағының дамуына орны толмас шығын келтірді, өркениетті әлемде біздің еліміздің бәсекеге қабылетсіз болуын анықтап берді. Әсіресе, саяси жүйеге келтірілген зиян аса қауіпті. Саяси институттар мен азаматтық қоғам дамуын жылдар бойғы басып-жаншу авторитарлық жүйенің халық алдында жауапсыз және бақылаусыз үкімет, бірпартиялық парламент-сымақ, қуыршақ соттар, сыбайлас жемкорлыққа белшесінен батқан шенеуніктік сияқты туындыларын дүниеге келтірді. Осының бәрі тұрақтылықтың негізін шайқалтты, Қазақстан мемлекеттілігі іргетасының мықтылығына күмән туғызды.
    Құқықтық және демократиялық мемлекет туралы конституциялық мәлімдеулер қағаз бетінде ғана қалды – іс жүзінде барлық айла-тәсілмен президент өкілеттілігін одан сайын күшейту, еркін ойдың титтей болса да бой көрсетуіне мүмкіндіктің бәрін жою жүзеге асып жатыр. Жағымпаздық, жалған сөз, екіжүзділік ресми саяси өмірдің күнделікті қағидасына айналды.
    Тіпті осындай жағымсыз жәйттармен салыстырғанның өзінде «Нұр Отанның» «Ұлт көшбасшысы туралы» конституциялық заңды қабылдау жайындағы ұсынысы тым өрескел көрініп тұр. Әккіленген құлдық ұру арқылы өмір бойғы президенттік билігі желеуімен елімізде хандық абсолютизм орнатып, Қазақстанды ең масқара африкалық режимдер деңгейіне төмендету әрекеті қолға алынбақшы. Сірә, бұл біздің биліктің саясаты тудырған қаржылық-экономикалық дағдарыстың бар қиындығын көріп жатқан, теңгенің құнсыздануымен тоналған, бейшара зейнетақы мен жәрдемақымен қорланған замандастарымызға ең қажеті осы ғана болар?
    Барлық қазақстандық қоғамның намысына тиетін осы ахуалдың шексіз тұрпайылығы зардапсыз қалуы мүмкін емес. Біз еліміздің абыройын айрандай төгетін осы іспеттес бастамаларға мейлінше тойтарыс беріп, еркіндік пен демократия мұраттарын соңына дейін қорғау үшін белсене күресе беретіндігіміз туралы мәлімдейміз!
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22