|
| ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 23.11.2009 - Мұхтар Жәкішевтің құқығын бұзу мен денсаулығына қатер тудыру бойынша Мұрат Әуезов, Жәмила Жәкішева мен Болат Әбіловтың МӘЛІМДЕМЕСІ |
 |
| 23.11.2009 - Мұхтар Жәкішевтің құқығын бұзу мен денсаулығына қатер тудыру бойынша Мұрат Әуезов, Жәмила Жәкішева мен Болат Әбіловтың МӘЛІМДЕМЕСІ |
|
Мұхтар Жәкішевтің құқығын бұзу мен денсаулығына қатер тудыру бойынша
Мұрат Әуезов, Жәмила Жәкішева мен Болат Әбіловтың
МӘЛІМДЕМЕСІ
Осы мәлімдемені жасауға, бостандығынан айырылған Мұхтар Жәкішевтің заңды құқықтарының бұзылуы нәтижесінде, оның денсаулығына ғана емес, сонымен бірге өміріне төнген тікелей қатердің орын алуы болып отыр. Мұхтар Еркінұлы білікті түрде жатқызып емдеуді талап ететін қатерлі гипертониямен сырқаттанса да, тергеу орындары бар болғаны қан қысымын 220-дан «қалыпты» 180-ге төмендететін күнделікті уколдар егумен ғана шектелуде. Іс жүзінде мұндай жағдайда Мұхтар Жәкішев тергеу іс-әрекеттеріне толыққанды қатысуға, іс материалдарымен танысуға және өзінің қорғану құқығын пайдалануға қабілетсіз күйде қалып отыр. Бұған қоса, бас бостандығынан айырғаннан кейін, ол екі жарым айдан көп уақыт бойы тәуелсіз адвокат көмегін пайдалану мен жақын туыстарымен көрісу мүмкіндігінен мүлде заңсыз айырылған болатын. Қазақстанмен заңдастырылған, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде, ешкім де жәбір-жапа немесе мейірімсіз қатігез жазалауға ұшырамауы керек деп жазылған. Дәл сол пактіде, соттық іс жүргізуді күтіп отырған адамдар үшін қамауда болу, жалпы тәртіпте болмауы қажет және оны қамаудан босату сотқа келу кепілдігін ұсынуға және үкімді орындау үшін келуге қатысты қойылуы керек деп жазылған. Мұхтар Жәкішев – әдепті азамат, өнегелі отбасы иесі, елге мәлім және құрметті адам. Өзіне қарсы жария айыптаулар айтылғаннан кейін, ол шетелде емделуде жүрсе де, өз еркімен елге қайтып оралды. Ол кез келген жағдайда анықтау органдары мен алдағы соттан бой тасаламайтындығына байланысты барлық кепілдіктер – қазіргі уақытта қолда бар және оны қуаттауға біздер дайынбыз. Мұхтар Жәкішевті жатып емделетін қажетті медициналық көмектен айыруға алып келген қамауда ұстау мен сонымен бірге қылмыстық істің өзін «құпия» белгісімен жабдықтауда, ешбір заңды құқықтық негіздер жоқтығын мәлімдейміз. Егер «уран ісі» деп аталған бұл іс, Конституция бойынша Қазақстан халқына тиесілі болған жер қойнауының байлықтарын пайдалануға тікелей қатысты екендігін ескерсек, онда қандай құпиялылық туралы айтуымызға болады! Бұған қоса ҰҚК органдары, тергеу құпиясы мен кінәсіздік презумпциясын ескерместен, тұтқынға алынғаннан кейінгі бірінші күні-ақ БАҚ-ына «Қазатомөнеркәсібі» президентіне қарсы барлық «мойындаулар» мен «айғақтарды» таратуға асықты. Сонымен бірге осы таяуда Интернетке Жәкішевтің ісі бойынша кезекті материалдардың «қалқып шығуына» еріксіз куәгер болдық. Пайымдауымызша, айыптаушы тараппен мұқият бүркеліп отырған және қоғамымыздағы көпшілікке кеңінен танымал жалғыз құпия, «Қазатомөнеркәсібінің» президенті оған таңылып отырған барлық «теріс пайдалануларды» жеке дара жүзеге асырмағандығы болып табылады. Тағы да табандылықпен атап өтеміз: Мұхтар Жәкішевтің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төніп тұр! Бұл арада алаяқтық жасап және құқықты белден баса отырып заңсыздықты жүзеге асырып жатқан адамдар, күндердің күнінде осы озбырлық үшін басымен көтеретін жауапкершілікті сезінуі қажет. Мұрат ӘУЕЗОВ Жәмила ЖӘКІШЕВА Болат ӘБІЛЕВ P.S. Соңыра Мұхтар Жәкішевтің ҚР Бас прокуратурасына жолдаған мәлімдемесін жариялаймыз
|
|