Қызметі         
 
 

 
 
 
  • Мәлімдемелер, үндеулер
  • Баспасөз-мәліметтері, хабарламалар
  • Біздің жаңалықтар
  • Бастамалар мен заңжобалары
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Қызметі / Мәлімдемелер, үндеулер / 06.04.2010 - «Азат» ЖСДП партиясын мемлекеттік қайтатіркеуден өткізуге кедергі келтіру жөнінде» «АЗАТ» ЖСДП мәлімдемесі
    06.04.2010 - «Азат» ЖСДП партиясын мемлекеттік қайтатіркеуден өткізуге кедергі келтіру жөнінде» «АЗАТ» ЖСДП мәлімдемесі
      Версия для печати

    «Азат» ЖСДП партиясын мемлекеттік қайтатіркеуден өткізуге кедергі келтіру жөнінде» «АЗАТ» ЖСДП мәлімдемесі

    Әділет министрлігі осымен бес айдан бері әртүрлі құйтырқыларға жол беріп, «Азат» ЖСДП біріккен партиясын мемлекеттік қайта тіркеуден өткізуге барынша кедергі келтіруде. Құжаттарды уақытылы қарамау, іске еш қатысы жоқ анықтамаларды талап ету және өзге де сылтауларды желеу еткен тіркеу комисссиясы мен оның жергілікті өкілдіктері заңсыздыққа бой алдыруда. Ал, шындап келгенде, тіркеуге алынған партияның құрылымына қарай өзгерістер енгізіп қайта тіркеуден өткізу шарасы өте жеңіл, бір айдың ішінде жүзеге асатын шаруа.
    Мәселен, үстіміздегі жылдың 31 наурызы күні тіркеу комиссиясының басшысы А.Аманбаевтан тіркеу шарасы тоқтатылғаны жөнінде ескерту келді. Ондай шешімге партияның жарғысында тең төрағалар мен жауапты хатшының жұмыс мерзімі белгіленбегені сылтау болған.
    Ал ҚР «Саяси партиялар туралы» заңының 9-бабында көрсетілгендей өкілеттілік мерзім тек билеуші органдар үшін ғана міндетті, оның партия жетекшілеріне еш қатысы жоқ. Сол үшін де президенттік «Нұр Отан» партиясының жарғысында да оның жетекшісі Н.Назарбаевтың жетекшілік ету мерзімі көрсетілмеген. Бірақ, бұл жағдай тіркеу комиссиясына билік партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу шарасын бірнеше күннің ішінде жүзеге асыруға кедергі келтірген жоқ.
    Осы себептен де біз тіркеу комиссиясы жұмысында саяси астар жатқанын ашық айтамыз. Билік өзінің мемлекеттік күшін саяси қарсыластарына қарсы жұмсаудан тайынып отырған жоқ.
    «Азат» ЖСДП партиясының басты мақсаты республика халқының мұң-мұқтажын жеткізіп, өз жақтастарына қолдау көрсету екенін қайталап айтқымыз келеді. Біздің ісіміздің басты ұраны да осы құндылықтар болмақ. Шенеуніктердің беталды бұлтарқы қылықтары «Азат» ЖСДП партиясына Қазақстан қоғамында бостандық пен әділдік орнатуға кедергі келтіре алмайды.
     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22