Жаңалықтар       
 
 

 
 
 
Iздеу  
СIЛТЕМЕЛЕР  
-
ОСДП АЗАТ / Жаңалықтар / 05.12.2006 - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болу жөніндегі өтінішін қарау мерзімі 2007-жылға қалдырылды
05.12.2006 - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болу жөніндегі өтінішін қарау мерзімі 2007-жылға қалдырылды
  Версия для печати

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішін қарау мерзімі сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007-жылы Мадридте өтетін 15-ші отырысына дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Пікірталастар күні бойы жалғасты. Бірақ соған қарамастан біз Қазақстан тиісті деңгейге көтерілгенге дейін күте тұрғанымыз қажет деп санаймыз",- деп мәлімдеді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 14-отырысы аясында Брюссельде өткен брифингте ұйымның қазіргі төрағасы Карл де Гюхт. "Қазақстан 2011-жылы ұйымға төраға болумен мүлдем келіспейтіндігі бізге мәлім. Сол себепті біз балама шешімді ұсынбақпыз",- деді К.де Гюхт. Оның айтуынша, ондай шешім - республиканы "бағалау" мерзімін 2007-жылға дейін шегере тұруға саяды. Ал аталған жылы Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-отырысы өтетіні белгілі. "Елде жүзеге асырылған реформаларға сол кезде саяси баға беруге болады деп ойлаймыз",- деді ұйым басшысы. "Осы жолы Брюссельде Қазақстанға қатысты бір жақты пікірге келе алмадық. Біз күте тұрып шешім қабылдауға тиіспіз",- деп қорытты К.де Гюхт. Еске сала кетейік, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төраға болуға нет білдірді.
Kazakhstan Today.
 
   
"АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22