13.11.2006 - Қазақстан келер жылдан бастап оң жақтан басқарылатын автокөліктерді елге енгізуге тыйым салмақ
Қауіпсіздік мәселелеріне байланысты келесі - 2007 жылдың қаңтарынан бастап рөлі оң жақтан басқарылатын автомашиналарды Қазақстанға енгізуге тыйым салынады.Азаттық радиосы
02.11.2006 - Триллионды тыққан Үкіметтегілер миллиондарды місе тұтпайтын жемқорларды қалай тыяды?
Парламент тарапынан бұндай айыпты бұрын-соңды ел тарихында ешбір Үкімет естімеген шығар. Парламент Мәжілісі Үкіметтегілерді ең кем дегенде жарты триллион (!) теңге ел қаржысын халықтан жасырып қалды деп айыптайды.Айқын
02.11.2006 - Қоғамдық телеарна қандай болуы керек?
Бірнеше ай бұрын V Еуразиялық Медиа-форумда «Қазақстанда қоғамдық телеарна құрылуы мүмкін» деген болжам айтылған болатын. Уақыт өте келе жорамал шындыққа айналып, әр түрлі саяси партияның өкілдері, тәуелсіз журналистер қазақстандық телеарна дәрежесін халықаралық деңгейге жеткізу үшін тал бойынан мін таппайтын, тек халықтың мүддесін көздейтін бір қоғамдық телеарна керектігі жөнінде бастама көтерді.Айқын
02.11.2006 - Қазақстан заң орындары елде есірткіні сатумен айналысқандарға өлім жазасын белгілеуді ұсынып отыр
Қазақстанда аса ірі көлемде есірткі тасымалдап, сатқан және қылмысқа жеткіншектерді қатыстырған топ мүшелері өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бұл туралы Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізуді ұсынып жатқан Қазақстанның ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов «Азаттық» радиосына хабарлады.Азаттық радиосы
01.11.2006 - Аса ауыр қылмыс жасағандар ел басқарып жүр
«Қазаннан қақпақ кетсе, ынсапсыздан ұят кетеді» дегендей, бақылаушы тараппен «байланысы» бар бірқатар «қылмысты» азаматтардың мемлекеттік қызмет барысында былыққа батып, істі болғанына қарамай, қызметін жалғастырып жүре бергендері енді анықталып отыр.
01.11.2006 - Қазақстан қанша уақытта қазақша сөйлей алады?
немесе Тіл инспекциясын құру қажет пе?
01.11.2006 - Тілдің салтанат құруы – ұлттың сақталуы, тілдің тұғырынан таюы – ұлттың жойылуы – М. Шаханов
Мемлекеттік тіл төңірегіндегі сауалға тұщымды жауап берілмесе, Конституциялық Кеңес төрағасының отставкаға кетуін талап етеміз.ҚазАқпарат
01.11.2006 - Қоғамдық қозғалыстар Теңіз кен орнында болған төбелесті зерттеу жөнінде қоғамдық комиссия құрды
Қазақстанның бірқатар қоғамдық жастар ұйымы Теңіз кен орнында болған төбелесті тергеу мақсатында комиссия құрып, Атырауға аттануға дайындалып отыр.Азаттық радиосы
31.10.2006 - Сенат комитеті мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңға енгізілген өзгерістерді талқылады
Бүгін Парламент Сенатының Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.ҚазАқпарат
31.10.2006 - Аштық жариялаған «Арман су каналы» кәсіпорнының қызметкерлері жалақыларын алды
Қарағанды облысындағы «Арман» су каналы мемлекеттік коммуналды кәсіпорнында істейтін 5 әйелдің 4 тәулік бойы аштық жариялауы нәтижесінде жұмысшылар сейсенбі күні 4 ай бойғы жалақыларын алған. Аштық жариялау кезінде 2 әйелдің денсаулығы нашарлаған.Азаттық радиосы
31.10.2006 - Шаңырақ тұрғындарының өз баспаналарын заңдастыруды сұрап берген өтініштерін атқарушы билік қанағаттандырмай тастады
Алматы қалалық мүлікті заңдастыру комитеті Шаңырақтағы сай тұрғындарының баспаналарын құжатпен рәсімдеуге қатысты өтініштерінің барлығын қайтарып берді. Оны әкімшілік өкілдері елді мекендегі сайда орналасқан үйлер сызға жақын жатқандықтан заңдастыруға жатпайды деп негіздеген.Азаттық радиосы
30.10.2006 - Қытай компаниясы қазақстанда тағы бір мұнай кенішін сатып алмақшы
«Азия Информ» жаңалық агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың China International Trust & Investment Corp (CITIC) компаниясы Қазақстанның батысындағы Қаражамбас мұнай-газ кенішін сатып алу жөнінде осы кеніштің қәзіргі қожайыны Канаданың Nations Energy & Investment Corp компаниясымен алдын ала келісім шартқа отырып, тиісті құжаттарға қол қойысқан.Азаттық радиосы
30.10.2006 - Алматыда Заманбек Нұрқаділовтың мұражайы ашылды
Жұма күні Алматы қаласындағы Луганский көшесінде, былтырғы жылы қараша айында жұмбақ жағдайда қаза тапқан қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың мұражайы ашылды. Сол күні Алматыдағы «Есік» мейрамханасында қоғамға танымал тұлғаға арнап берілген ас кезінде сөйлегендер, марқұмның қазасын тергеп-тексерген Қазақстанның ресми заң орындарының «Нұрқаділов өзіне-өзі қол жұмсап, үш мәрте атылып өлген» делінген қортындысына ел-жұрт сенбейтін айтты.Азаттық радиосы
27.10.2006 - Шәкім УӘЛИЕВА: « Мен қазаққа сендім!»
Шәкім Уәлиева - Желтоқсан көтерілісі кезінде бір күн бойына алаңды ұстап тұрған мыңдаған желтоқсандықтардың бірі. Атақты «Аллажар» фильмінің кейбір сәттері осы Шәкімнің айтуы бойынша түсірілген. Бірақ, ол өзінің алаңға барғаны үшін осы уақытқа дейін біреуге міндет етіп, ешкімнің алдына барып алақан жайған емес. Рухы мықты, мінезі қайсар Шәкімдей қанша қазақ қызы зардап шекті, қаза болды?!Апта.кз №42(82)
27.10.2006 - Рысбек Сәрсенбайұлы: «Біз талабымыздан таймаймыз»
Бүгінгі күні Қазақстандағы сот жүйесі Жоғарғы соттан бастап іске қатысты заңдылықтарды, процессуалдық нормаларды сақтай ма, сақтамай ма, оның дәл қазір халық үшін ешбір мәні жоқ, тіпті, қажеті де жоқ. Меніңше, сөз етуге де тұрмайды.Апта.кз
27.10.2006 - Ұлт жалауы - ЗАМАНБЕК!
«...Зәкең, Заманбек Нұқаділовтің арамыздан кеткеніне де бір жыл болып қалды... Зәкең қазақтың дара тұлғасы, қазақтың қорғаны болатын. Ол - қазақтың ұлттық намысының туы деуге лайық азамат. Менің Заманбек Нұрқаділов туралы мұндай батыл ой айтуымның өзіндік тарихи себебі бар...», - дейді атақты «Аллажар» фильмінің режиссері Қалдыбай ӘБЕНОВ.Апта.кз №42(82)
27.10.2006 - «Назарбаев сендерді бізге сатып жіберген...» немесе өз елінде құл болған қазақтар жағдайы
«Боевиктің» жалғасы көрсетілуі мүмкін немесе Атыраудағы жұмысшылар арасындағы қақтығысАпта.кз
27.10.2006 - Үшеу түгел болса, сайлаудағы жеңеді немесе «Отанның» құрамына енген партиялар нені көздейді?
Мектеп пәндерінің арасында жануартану мен өсімдіктану дейтіні болмаушы ма еді. Сол кітаптың ішін ашып қарасаңыз, тіршілік үшін күрес алаңында күштісі әлсізін, жуаны жіңішкесін жұтып қоятын табиғаттың жазылмаған заңдылығы жайлы түсініктер берілетін. Шамасы сол пәнді беске оқыса керек біздегі мықтылар, жаңағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі құбылысты адамдардың арсына енгізіп, бәлендей бір «сенсация» ашқандай.Апта.кз
27.10.2006 - Назарбаев Нобель сыйлығын алуға лайық па, жоқ па?
Назарбаевты Халықаралық Нобель сыйлығына ұсыну туралы Қазақтың Спорт және туризм академиясы бастама көтерді. Сонымен қатар Ассамблея отырысында республика астанасының орталығында Қазақстанда тұратын 100-ден аса ұлттың татулығы мен ынтымағына арналған ескерткіш ашу туралы ұсыныс қаралсын деген өтініш жасалды. Біз бірінші ұсыныс бойынша қысқаша сауалнама жүргізген едік. Бұл пікірлер билік пен халықтың арасы жер мен көктей екенін тағы бір рет байқатты.Апта.кз №42(82)
27.10.2006 - «Бақайлықтар ісі» жалғасуда
Екі бақайлық жас жігіт - Ілияс Томпақов пен Нұрхат Мұқажановқа қатысты аты шулы сот процесі жаңа кезеңге көшті. Олардың адвокаты Жұмағалиев мырза Түрксіб аудандық сотының судьясы Ержан Тотыбай-тегі шығарған шешіммен (баспанасын қорғаған екі жігіттің әрқайсысын екі жылға бас бостандығынан айыру туралы) келіспей, қалалық сотқа шағымданған болатын.Апта.kz
Страницы: 1 | 2 | 3 | 4
Архив по годам: Query: SELECT a.Banner_ID, a.Campaign_ID, d.Type, h.BannerSize_Name, d.File, d.Alt, d.Text, g.Field_ID, d.NewWindow FROM Banner_CampaignBanner AS a, Banner_CampaignZone AS b, Message30 AS c, Message28 as d, Message29 AS e, Message32 AS f, Field AS g LEFT JOIN Classificator_BannerSize AS h ON h.BannerSize_ID=d.Size LEFT JOIN Message31 AS i ON f.Message_ID=i.Script WHERE ((c.Start<=IF(c.Start IS NOT NULL,NOW(),0) AND c.Stop>IF(c.Stop IS NOT NULL,NOW(),0)) AND IF(c.Shows IS NOT NULL,(c.Showed+1),0)<=IF(c.Shows IS NOT NULL,c.Shows,0)) AND a.Campaign_ID=b.Campaign_ID AND c.Checked=1 AND a.Campaign_ID=c.Message_ID AND c.Message_ID=2 AND b.Zone_ID='1' AND b.Zone_ID=e.Message_ID AND ((e.Site='3' AND e.Section IS NULL) OR (e.Site='3' AND (e.Section='423' )) OR ((e.Section='423' ) AND e.Site IS NULL) OR (e.Class='288' AND e.Object='0') OR (e.Class='288' AND e.Object IS NULL)) AND f.Message_ID = d.Script AND d.Status=1 AND d.Checked=1 AND c.Size=d.Size AND d.Size=e.Size AND a.Banner_ID=d.Message_ID AND f.Message_ID=d.Script AND
f.TimeZone16=1
AND
f.Day4=1
AND
(
(
(
i.Site!='3'
OR
i.Site IS NULL
)
AND
i.Section IS NULL
AND
i.Class IS NULL
AND
i.Object IS NULL
)
OR
(
(
i.Section!='423'
OR
i.Section IS NULL
)
AND
i.Class IS NULL
AND
i.Object IS NULL
)
OR
(
i.Class!='288'
AND
i.Object IS NULL
)
OR
(
i.Class IS NULL
AND
i.Object!='0'
)
OR
(
i.Object!='0'
OR
(
i.Class!='288'
AND
i.Object IS NOT NULL
)
)
OR
(
i.Site IS NULL
AND
i.Section IS NULL
AND
i.Class IS NULL
AND
i.Object IS NULL
)
) AND g.Class_ID=28 AND g.TypeOfData_ID=6 AND g.Field_Name='File' ORDER BY RAND() LIMIT 1
Error: Unknown column 'd.Size' in 'on clause'
2006; 2007;
|