Жаңалықтар     
 
 

 
 
 
Iздеу  
СIЛТЕМЕЛЕР  
-
ОСДП АЗАТ / Жаңалықтар / 24.07.2007 - Ассамблея 9 депутатты партиялардан таңдасын
24.07.2007 - Ассамблея 9 депутатты партиялардан таңдасын
  Версия для печати

Қазақстан халқы ассамблеясына мәжiлiстен 9 орын бөлiнгенi белгiлi. Бiрақ, сайлау уақыты тақап қалса да, осы 9 орынды ассамблея мүшелерi қалай иемденетiнi қоғамға әлi де түсiнiксiз.

Жармахан Тұяқбай басқаратын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстан халқы ассамблеясының 56 мүшесiне үндеу жариялады. Онда бүй дейдi: “...Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжiлiске сайланатын үмiткерлердi ұсыну мен сайлау жолын ұсынамыз: а) Партиялық тiзiмдерiн ұсынған және сайлауға қатысатын барлық партиялар 2007 жылдың 10 тамызына дейiн өз партияларындағы ұлыстар өкiлдерiнiң тiзiмiн (9-дан аспау керек) Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесiне тапсыруы тиiс; б) Ассамблея кеңесi саяси партия ұсынған үмiткерлердiң тiзiмiн, ұлысын, партиясын баспасөзде жариялайды (14 тамыздан кешiкпей); в) 20 тамыздағы ассамблея сессиясына орай, Орталық сайлау комиссиясы жалпыхалықтық сайлауда, яғни 18 тамызда қай партия сайлаушылардың қанша пайыз дауысын алғанын жариялайды. Осыған орай, саяси партияларға тиесiлi депутаттық квота саны анықталуы тиiс. Мысалы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 55 пайыз, ал “Нұр Отан” 45 пайыз дауыс алса, осыған сәйкес, 9 үмiткердiң бесеуi ЖСДП-дан, қалған төртеуi “Нұр Отаннан” пропорционалды түрде таңдалуы керек. Демек, 9 үмiткердiң қайсысы депутат болатынын Конституциялық сайлау заңына орай Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшелерi шешуi тиiс”. Бұл үндеуге Орталық сайлау комиссиясы мен ассамблея мүшелерi не дер екен?

Руслан Ерболұлы "Жас Алаш" газеті
 
   
"АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22