Жаңалықтар     
 
 

 
 
 
Iздеу  
СIЛТЕМЕЛЕР  
-
«АЗАТ» Қазақстанның Демократиялық Партиясы / Жаңалықтар / 24.07.2007 - «Айналайын өкiмет, қайтып келдi «өшiрет»
24.07.2007 - «Айналайын өкiмет, қайтып келдi «өшiрет»
  Версия для печати

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарысқа орай жүргiзiлген қайта құру, оңтайландыру шаралары мен сол кездегi жаппай жекешелендiру науқаны медицина саласына да көп әсер еткенi белгiлi.

Жергiлiктi әкiмшiлiктегiлер «бүйректен сирақ шығарып» жатқан тұста Қызылорда қаласындағы қалалық аурухана «Денсаулық» серiктестiгiне айналып шыға келдi. Содан берi «Қалалық аурухана қалай жекешелендi?» деген сұрақ лауазым иелерi мен құқық қорғау мекемелерiнiң мазасын алып жүр. Қызылордадағы №1 қалалық аурухана жекешелендiру бағдарламасына үкiмет қаулысына сәйкес енген. Үлкен нысандарды жекешелендiру процесi инвестициялық тендер өткiзу арқылы жүргiзiлетiнi белгiлi. Емдеу мекемесiнiң жекешелендiрiлетiнi жөнiнде «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» басылымдары мен жергiлiктi «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерiнде хабарландыру басылған. Екi рет ағылшындық, екi рет голландық тәсiлмен инвестициялық тендер өткiзiлсе де, қалалық аурухананы алатын ешкiм табылмаған. Сөйтiп бұл мекеме талан-таражға түсе бастаған. Сол кезде облыс әкiмi болған Бердiбек Сапарбаев аурухананы сақтап қалу қамымен осында 40 жыл дәрiгер болған, жанашыр азамат Әскербек Төрекеевтi өзiне шақырыпты. – Асеке, мына аурухананы жекешелендiрiп алып, халық үшiн аман сақтап қалыңыз, – деп өтiнiш жасаған облыс әкiмi. Сөйтiп, сатып алу сайысына Әскербек Төрекеев ұжым атынан қатысады. Қызық болғанда, басқа үмiткер тағы табылмай қалады. Қалалық аурухана жекешелендiрiлгенде облыстық жекешелендiру комитетi оны бар болғаны 1000 теңгеге бағалаған. «Денсаулық» ЖШС екi жыл мерзiм iшiнде инвестиция салу жөнiндегi мiндеттемесiн артығымен орындап шыққан екен сонда. Бас дәрiгер Әскербек Төрекеев қаржыны негiзiнен аурухананы жөндеп, қалпына келтiрiп, медициналық құралдарды жаңалауға, кадрлардың бiлiмiн жетiлдiруге, аурухананың қаржылық жағдайын жақсартуға жұмсапты. Он жыл уақыт iшiнде бюджет қоржынына салық түрiнде еселеп пайда түсiргенi өз алдына. Жекешелендiрiп алған кезде 310 орындық болған аурухана қазiр 360 адамды қабылдай алатын жағдайға жетiп отыр. Аурухана басшылығы нарық заманының талаптарына бейiмделiп, бос тұрған екi ғимараттың бiрiн баспанадан тарығып жүрген қызметкерлерiне тұрғын үй ретiнде берсе, екiншiсiн сатып, оның ақшасына Германиядан жаңа медициналық техника, зертханалық, физиотерапевтiк, реанимациялық құрал-жабдық сатып алған. «Денсаулық» ауруханаға ыстық, суық суды тұрақты жеткiзiп тұру мәселесiн де оңтайлы шешiп, 25 миллион теңгеге газ жүргiзген. Мұнда қазiр 200-ге жуық бiлiктi қызметкер жұмыс iстейдi. Қысқасы, заман ағымына iлесiп, қалқадерiнше медицина саласын дамытуға үлес қоса бастаған аурухананың басына 2004 жылғы 13 қыркүйекте бекiтiлген «Қазақстан Республикасындағы 2005-10 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын қайта құру мемлекеттiк бағдарламасы» шыққалы берi бұлт үйiрiлдi. Сол қаулы бойынша мемлекеттiк және жекеменшiк денсаулық сақтау мекемелерi үкiметтiң тапсырысымен халыққа ақысыз қызмет көрсетуге мiндеттеме алды. Мемлекет тапсырысы көп болса, ауруханаға келетiн адам да көп, мекеменiң бюджетi де қомақты болады. Билiк басындағылар тапсырыстың бәрiн дерлiк Қызылорда облыстық медициналық орталығына бередi. Ал жабдықталуы, қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейi жағынан олардан еш кем емес «Денсаулыққа» тапсырыс түспеуге айналды. Соның кесiрiнен орталық аурухана жәрдем күтiп сарылған адамға лықа толса, «Денсаулықтың» 270 орны бос тұр. Мемлекеттiк ауруханадан ем аламын деп ауыл-ауылдан келген жұрт айлап, апталап сарыла күтуге мәжбүр. Солардың iшiнде кезегi келгенше тегiн көмек ала алмай, үзiлiп кеткендер де бар шығар. Ол аз десеңiз, қазiр балалар да осы облыстық ауруханаға барып емделедi. Қиын-қыстау кезеңде, сонау 1997 жылы балалар ауруханасы жабылып қалған. Қызылордада «Денсаулыққа» ұқсас тағы екi стационарлық аурухана бой көтердi. Олар да осы «Денсаулықтың» күйiн кешiп отыр. Үш бiрдей заманға сай медицина мекемесi қаңырап тұрғанда, тегiн медициналық көмекке зәру жұртты бiр ауруханаға кезекке тұрғызу ақылға сыймайтын тiрлiк. Eзiңiз ойлап қараңыз, облыстық медициналық орталықта он мың адамға шаққанда 93,1 төсектен келедi екен. Бұл жалпы республикалық көрсеткiштен (68,2ө анағұрлым артық. Сонда мемлекеттiң жеке кәсiпкерлiкке қолдау көрсеткенiнiң түрi осы ма? Мұның барлығы «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңға, үкiметтiң медициналық көмек шығындарын өтеу туралы қаулысына қайшы келедi. Бiздiң бiлуiмiзше, әлгi «билiктiң ерке баласы» – облыстық медициналық орталықтың игерiлмей қалып жатқан қаржысының көлемi жылдан-жылға өсiп келедi екен. Бұл «маған да жоқ, саған да жоқ» деген iштарлық па? Айтып-айтпай не керек, Қызылорданың денсаулық сақтау саласында осындай келеңсiздiк белең алып тұр. Бұдан зардап шегiп отырған – сол баяғы қара халық.

Миуа Байназар, Қызылорда "Жас Алаш" газеті