Жаңалықтар       
 
 

 
 
 
Iздеу  
СIЛТЕМЕЛЕР  
-
ОСДП АЗАТ / Жаңалықтар
Жаңалықтар
  Версия для печати

03.03.2007 - Астанада 150-ден астам жер үй иелері қала әкімін сотқа бермек
Астана қаласының іргесіндегі Өндіріс және Кирпичный кенттерінің шетінен үй салған 150-ден астам жер үй иелері Астана әкімін сотқа береміз деген мәлімдеме жасады.
"Азаттық" радиосы

02.03.2007 - Алматы қалалық прокуратурасы "Алматыжерге" жер телімдерін тәркілеп алу құқығын беру туралы қалалық әкімшіліктің қаулысына қарсылық білдірді
Алматы қалалық прокуратурасы жер телімдерін тәркілеп алу схемасына "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын енгізу туралы қалалық әкімшіліктің қаулысына қарсылық білдірді.
Kazakhstan Today.

02.03.2007 - Алматы әкімшілігі 161 адамға арзан баспананы заңсыз бөлген
Алматы әкімшілігі 161 адамға арзан баспананы заңсыз бөлген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тұрғын үй және жер заңын бұзу дерегі туралы мәліметтер көрсетілген құжатының мәтінінен белгілі болды.
Kazakhstan Today.

02.03.2007 - Бішкекте өзін өзі өртеген адам көз жұмды
Бішкекте 27-ақпанда Қырғызстанның парламенті ғимаратының алдында өзін өзі өртеген Сабыржан Сабиров көз жұмды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Бішкектіге жарақаттану және ортопедия жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының күйік бөлімшесінен хабарлады.
Kazakhstan Today.

02.03.2007 - Алматыда шетелдегі қазақтардың Қазақстанға көшіп-қонуының бүгінгі жағдайы талқыланды
Конференцияны ашып, сөз сөйлеген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бергі 15 жылда Қазақстанға жарты миллиондай қазақтың квота бойынша көшіп келгенін, ал квотадан тыс өз еркімен көшіп келген қазақтарды бұған қосса, осы уақыт ішінде бір миллиондай қазақтың атажұртына көшіп келгенін айтты.
"Азаттық" радиосы

28.02.2007 - Қазақстанда жуырда жаңа тұрғын бағдарламасы қабылданады - салалық комитет басшысы
Қазақстанда жуырда 2008-2010-жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайсар Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Kazakhstan Today.

28.02.2007 - МИГ-31 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды маңында МИГ-31 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР ҚК 392 бабына сәйкес (адам өліміне әкеп соқтыратын ұшу және оған дайындық ережелерінің бұзылуы) қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агентігіне Қарағанды облысының әскери прокуратурасы хабарлады.
Kazakhstan Today.

28.02.2007 - Үсен Аманбаев, экономика ғылымының докторы, профессор: Қазақстанның қамбасы мен қалтасына көз сүзіп отырғандардың ыңғайына жығыла беруді қою керек.
Жер мен көктей алшақтап кеткен қала мен ауылдың арасын жақындастырмай, 50 елдің қатарына енеміз деп дабыра салу қисынға келмейтін дүние.
"Айқын" газеті

27.02.2007 - Рахат Әлиев пен Армангүл Қапашева ісінде екі тарап сотта іспен танысты
Ақпанның 23-і күні Қазақстан президентінің үлкен күйеу баласы, Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиевтің талап-арызы негізінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотында сотқа дейінгі талқылау өтіп, екі тарап іспен танысты. Рахат Әлиев мырза "Нұрбанктің" бұрынғы басшыларының бірі - Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашеваны «ар-намысыма нұқсан келтірді» деп сотқа беріп, моральдық өтемақы ретінде 1 миллион теңге талап етіп отыр.
"Азаттық" радиосы

27.02.2007 - Еуропалық халықаралық ұйым өкілдері Қазақстанда кінәсі дәлелденбеген азаматтардың құқығы толық қорғалмайтынын сынайды
Қазақстан судьялары кінәсі дәлелденбеген айыпталушыларды темір торда ұстап, азаптау фактілеріне көңіл бөлмейді. Бұл туралы Астанада ақпанның 23 күні Қазақстандағы сот талқылауы мониторингі нәтижесін жариялаған ЕҚЫҰ Адам құқығы жөніндегі демократиялық институттар жөніндегі бюро өкілдері хабарлады.
Азаттық радиосы

24.02.2007 - Біздегі соттардың сорақы қылықтары ОБСЕ-нің жағасын ұстатты
«Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы» еліміздің сот жүйесіндегі сорақы жайттарды кеше ел алдында жайып салды.
24.02.2007 - Кәсіпкерлер одағы президенттен елдегі мүлікті заңдастыру науқанының мерзімін ұзартуды сұрайды
«Атамекен» республикалық кәсіпкерлер мен жұмысберушілер одағының төрағасы Азат Перуашев мүлікті заңдастыру шарасының мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Комиссиялардағы кезектер тым ұзақ, сондықтан тұрғындар мүлкін заңдастырып үлгірмейді дейді ол. Ал, кейбір сарапшылар, мүлікті заңдастыру шарасының баяу өткізіліп жатқандығының басқа көптеген себептері барын айтады.
«Азаттық» радиосы

23.02.2007 - ''Алтынбек саяси жүйені өзгерткісі келді''
Рысбек Сәрсенбайұлымен сұхбат
«Ар.kz» республикалық қоғамдық-саяси газеті, №07 (31)

22.02.2007 - Қазақстан прездиентінің үлкен күйеу баласы төңірегінде тағы да дау-жанжал өрбіп отыр
Ақпан айы Рахат Әлиев үшін қарбалысқа толы ай болды. Екі адамды ұрлап әкетіп, соққыға жықты деп айыпталған ол, әлгі өзін айыптаушыларды сотқа берді.
«Азаттық» радиосы

22.02.2007 - Сот Алматының Әуезов ауданының әкіміне кәсіпкер әйелдің 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі шығынын өтеп беруді міндеттеді - құқық қорғаушы
Алматы қаласының ауданаралық арнаулы экономикалық соты Әуезов ауданының әкімі Әділ Неспібаевтың іс-әрекетін заңсыз деп танып, оған кәсіпкер әйел Жәмилә Тәңірбергенованың 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі шығынын өтеп беруді міндеттеді.
Kazakhstan Today.

22.02.2007 - Алматыда жол көлік тораптарының құрылысына арналған қаржының 450 млн теңгесі қолды болған - ҚР қаржы полициясы
Алматыда жол көлік тораптарының құрылысына арналған қаржының 450 млн теңгесі қолды болған. Бұл туралы кеше ҚР Қауіпсіздік кеңесінің елбасының қатысуымен өткен кезекті мәжілісінде ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен /қаржы полициясы/ күрес Агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев мәлімдеді,
Kazakhstan Today.

22.02.2007 - Алматыда тұрған үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды - ҚР бас прокуроры
Алматыда тұрған үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы кеше Н. Назарбаев қатысқан ҚР Қауіпсіздік кеңесінің кезекті мәжілісінде республиканың Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Kazakhstan Today.

22.02.2007 - Жыл басынан бері республика бойынша экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 83 оқиға тіркелген - ҚР ІІМ
Жыл басынан бері республика бойынша экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 83 оқиға тіркелген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ табиғат қорғау полициясы бөлімінен хабарлады.
Kazakhstan Today.

22.02.2007 - Шығыс Қазақстан облысында "Қазцинк" кен орнында тау жыныстары опырылып түсті: құтқарушылар адамдарды іздеп жатыр
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында "Қазцинк" АҚ игеріп жатқан Сокольский кен орнында тау жыныстары опырылып түсті; алдын-ала мәліметке сәйкес үйінді астында адамдар қалған.
Kazakhstan Today.

21.02.2007 - Бір топ депутат орыс тілін қазақ тілімен тең қолдану туралы Конституция нормасымен келіспейтіндіктерін білдірді
Мұхтар Шаханов бастаған бір топ мәжіліс депутаттары мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылуға тиіс деген Конституция нормасымен келіспейтіндіктерін білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Kazakhstan Today.


Страницы: 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
Архив по годам:
Query: SELECT a.Banner_ID, a.Campaign_ID, d.Type, h.BannerSize_Name, d.File, d.Alt, d.Text, g.Field_ID, d.NewWindow FROM Banner_CampaignBanner AS a, Banner_CampaignZone AS b, Message30 AS c, Message28 as d, Message29 AS e, Message32 AS f, Field AS g LEFT JOIN Classificator_BannerSize AS h ON h.BannerSize_ID=d.Size LEFT JOIN Message31 AS i ON f.Message_ID=i.Script WHERE ((c.Start<=IF(c.Start IS NOT NULL,NOW(),0) AND c.Stop>IF(c.Stop IS NOT NULL,NOW(),0)) AND IF(c.Shows IS NOT NULL,(c.Showed+1),0)<=IF(c.Shows IS NOT NULL,c.Shows,0)) AND a.Campaign_ID=b.Campaign_ID AND c.Checked=1 AND a.Campaign_ID=c.Message_ID AND c.Message_ID=2 AND b.Zone_ID='1' AND b.Zone_ID=e.Message_ID AND ((e.Site='3' AND e.Section IS NULL) OR (e.Site='3' AND (e.Section='423' )) OR ((e.Section='423' ) AND e.Site IS NULL) OR (e.Class='288' AND e.Object='0') OR (e.Class='288' AND e.Object IS NULL)) AND f.Message_ID = d.Script AND d.Status=1 AND d.Checked=1 AND c.Size=d.Size AND d.Size=e.Size AND a.Banner_ID=d.Message_ID AND f.Message_ID=d.Script AND f.TimeZone16=1 AND f.Day4=1 AND ( ( ( i.Site!='3' OR i.Site IS NULL ) AND i.Section IS NULL AND i.Class IS NULL AND i.Object IS NULL ) OR ( ( i.Section!='423' OR i.Section IS NULL ) AND i.Class IS NULL AND i.Object IS NULL ) OR ( i.Class!='288' AND i.Object IS NULL ) OR ( i.Class IS NULL AND i.Object!='0' ) OR ( i.Object!='0' OR ( i.Class!='288' AND i.Object IS NOT NULL ) ) OR ( i.Site IS NULL AND i.Section IS NULL AND i.Class IS NULL AND i.Object IS NULL ) ) AND g.Class_ID=28 AND g.TypeOfData_ID=6 AND g.Field_Name='File' ORDER BY RAND() LIMIT 1

Error: Unknown column 'd.Size' in 'on clause'

2006; 2007;
 
   
"АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22