Жаңалықтар       
 
 

 
 
 
Iздеу  
СIЛТЕМЕЛЕР  
-
ОСДП АЗАТ / Жаңалықтар
Жаңалықтар
  Версия для печати

21.03.2007 - Полицияның қадағалауындағы Маловодное ауылында тұрғындар тағы да жиын өткізді
Наурыздың 20-сы күні Маловодное ауылындағы мәдениет үйінің алдында 300-дей ауыл тұрғыны жиналды. Жиналған жастар наурыздың 19-ы күні тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен қамауға алынған 8 ауыл тұрғынының босатылуын талап етіп, өткен жексенбіде қантөгіспен аяқталған төтенше оқиғаның себеп-салдары анықталсын деп отыр.
«Азаттық» радиосы

21.03.2007 - Шаңырақтағы қақтығыс бойынша сотқа тартылған 9 азамат қолхат бойынша абақтыдан босатылды
Шаңырақтағы оқиға бойынша Алматыда өтіп жатқан соттың сейсенбі күнгі отырысында істі қарап отырған судья Адайбек Бейімбетов жария еткен сот жарлығымен айыпталып отырғандардың екеуі денсаулық жағдайына байланысты абақтыдан босатылса, қалған жетеуіне сот өз бастамасымен бостандық берілді. Осылайша, қылмыстық іс қозғалған 25 адамның 16-ы сот отырыстарына үйінен қатынайтын болады. Қорғаушылар бұл жағдайды сот процесіндегі түбегейлі бетбұрыс деп бағалап отыр.
«Азаттық» радиосы

21.03.2007 - Біртұтас ұлттың орфографиясы да біреу ғана болады
Мәдениеттің негізі жазуда. Жай ғана емес, қатесіз жазуда. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, өркениетті басылымдарда екі-үш қате кететін болса, бұл үлкен оқиғаға ұласып, шу болады.
21.03.2007 - Шаңырақтықтар сүйінші сұрасып жатыр.
Тоғыз ай толғатқан Алматы қалалық соты бүгін «Шаңырақ оқиғасына қатысы бар» деген айыппен ұсталған адамдардың тоғызын бостандыққа шығарды. Уақытша еркіндікке жіберілгендер сот процесі аяқталғанша қаладан ешқайда шықпау туралы қолхат қалдырды. Тақырыпты Мәди Алжанбай баяндайды.
21.03.2007 - Кеше – Шелек, бyгiн – Маловодное...
Жер-жерде орын алып жатқан дау-жанжалдар неге әкеп соғады?
20.03.2007 - БАҚ-тың өзін-өзі реттеу институты министрліктен тыс құрылуы тиіс.
Олай болмаған жағдайда реттеуші құрал биліктің кезекті шоқпарына айналып кетеді. Бүгін Астанада ОБСЕ-нің Қазақстандағы өкілдігі өткізген жиында осындай ой айтылды. Мәдениет және ақпарат министрлігі болса, елімізде ақпарат құралдарына барлық жағдай туғызылып, қалыптасқан қайшылықтарды сотқа дейін шешу механизмдерін енгізуге мүмкіндік жасалған - деп отыр. Алайда, журналистік қауымдастық бұл пікірмен толық келіспейді.
20.03.2007 - Бүгін Маловодныйдағы қақтығыстан қаза тапқан 2 азамат жерленді.
Жағдай шиеленісіп тұрғандықтан, құқыққорғау органдары ауыл-аймақты әлі қатаң бақылауда ұстап отыр. Шынар Сағындықованың бейнематериалы.
31 телеарна

19.03.2007 - «ҚазАтКом» елдімекенінде болған төбелесте 3 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған
Наурыздың 18-і күні Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Маловодное ауылына ірегелес «ҚазАтКом» елдімекені тұрғындары арасында болған төбелестің аяғы қантөгіске әкеліп соқтырды. Алматы облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, төбелес кезінде 3 адам қаза болып, 6 адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен. Төтенше оқиғаға байланысты облыстық ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық істер кодексінің 96-бабының 2-бөлімі бойынша 3 түрлі қылмыстық іс қозғады.
«Азаттық» радиосы

19.03.2007 - Қазақстандағы ең көп табыс әкелетін ірі казино иелерінің артында жоғары лаузымды шенеуніктер тұр ма?
Қазақстанның ойын бизнесі қауымдастығының өкілдері президент Назарбаевқа хат жолдап, елдегі ойынханаларды қалалардан көшіруді 2-3 жылға шегеруді сұрады. Бұл туралы Астанада наурыздың 19 күні хабарланды.
«Азаттық» радиосы

19.03.2007 - Қызылордадағы №6 кітапханада 50 мыңнан астам кітап жойылудың аз-ақ алдында тұр.
Таяуда тағайындалған қала әкімі Серік Қожаниязов мұндағы жағдаймен өзі келіп танысты. Кітапхана ғимараты 3 жылдан бері апатты жағдайда тұр. Нысанның жылу құбырлары шіріп, жертөлесі қалдық суға толған.
19.03.2007 - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында үлкен қақтығыс болды.
3 адам бақилық болып, 6 адамның жағдайы қыл үстінде. Барлық арнайы қызмет өкілдері тартылған Қазатком ауылында бүгін де аласапыран. Жергілікті халық төбелесті бастағандардың ауылдан көшіп кетуін талап етуде.
16.03.2007 - Назира Базарбаеваның сот ісіне куәгер ретінде қамауда отырған оның күйеуі Ә.Ғилымовты шақыру туралы адвокаттың ұсынысын судья кері қақты
16 наурыз күні Алматыдағы Медеу аудандық сотта «Нұрбанктың» бұрынғы басшысы Әбілмәжін Ғилымовтың әйелі Нәзира Базарбаеваның үстінен өтіп жатқан сот ісі екінші отырысын өткізді. Бұл отырысқа Нәзираның өзі баласының сырқаттануына байланысты қатыса алмады. Соттың бұл отырысында жауап беруші жақ тағылып отырған айыппен келіспейтінін мәлімдеді де, ал осыған байланысты Нәзираның жақтаушыларының ұстанған позициясы Нәзираның өзінің сотта болуын қажет етуі себепті, сот келесі отырысты 21 наурызға қалдырды.
«Азаттық» радиосы

16.03.2007 - Алматыда 40 отбасыға далада қалу қаупі төніп тұр.
Қазақтың Бас Сәулет-құрылыс Академиясының бұрынғы қызметкерлерін бүгін сот орындаушылары жатақханадан шығармақ болды. Алайда, тұрғындар жолды бөгеп, сот орындаушылары мен Академияның үстінен қалалық сотқа қайта шағым түсірді.
15.03.2007 - «Миттал Стил» мен «Қазақмыс» кәсіпорындарында жұмысшылар қазасы жиілеп кеткен.
Прокуратура тексеру барысында өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Мәліметтер бойынша, соңғы 2 жыл ішінде Қарағанды облысындағы өндіріс орындарында техникалық қауіпсіздіктің сақталмауынан 200-ге жуық адам көз жұмыпты.
31 телеарна

15.03.2007 - Басы ауырмағанның банкирмен ісі жоқ
«Басы ауырмағанның басқамен ісі жоқ», демекші күйеулерін таба алмай көз жасын көл еткен әйелдерге біздегі құзырлы көкелердің көмектесе қоятын түрі көрінбейді. Осыдан бір ай, жеті күн бұрын тал түсте жоғалып кеткен «Нұрбанк» төрағасының орынбасары Жолдас Темірәлиев туралы тиісті орындар әлі күнге мардымды ақпарат бере алмай отыр. «Бір жәрдемі тиіп қалар» деген үмітпен жапа шегушілер қолдау сұрап, Президентке өтініш жолдаған еді, алайда, артқан сенім ақталмады. Нұрекем үнсіз...
«Қазақстан», №10 (150), 15.03.07

15.03.2007 - Күйеуі түзде, әйелі сотта
Біздің елдің соттары өздерінің қанына сіңген үйреншікті әдетін және бір байқатты. Үлкен күйеу Рахат Әлиевтің ар-намысын қорғау жолында бұл шіркіндер онсыз да күйеуін жоғалтып қапаланып жүрген қорғансыз әйел Армангүл Қапашеваны тығырыққа тағы да тіреді. Олай дейтініміз, осы мақсатпен алғашқы сот отырысы бұған дейін бір мәрте өткен болатын. Мұның екеуінде де айыпталушының өтініштері қанағаттандырылмай қала берді.
«Қазақстан», №9 (149), 8.03.07

15.03.2007 - Мемлекеттік қызметтегі жаңалық: Министр, әлде бас директор?
Өткен аптада, вице-премьер әрі экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан МУСИН мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісінің жобасын жұрт назарына ұсынды. Мемлекеттік басқарудағы жаңа үрдіс әкімшілік реформа аясында ендірілетін болады деп мәлімдеді, Үкімет басшысының орынбасары.
«Қазақстан», №10 (150), 15.03.07

15.03.2007 - «Ішуі жаманның...» деген осы болады
Аузын ашса, «артымда Президент тұр» дегенді меңзейтін министріміз басына қонған бақты бағалай алмады. «Қара Қыпшақ Қобландыда нең бар еді, құлыным» демекші, қызметін бұқаралық ақпарат құралдарын ауыздықтамақ әрекеттен бастаған бейбақ ойламай сөйлеймін деп от басқанын байқамай қалды.
«Қазақстан», №10 (150), 15.03.07

15.03.2007 - «Аңдамай сөйлеген, отставкаға кетеді»
немесе мәдениет және ақпарат министрі хақындағы хикая
«ҚАЗАҚСТАН», №10 (150), 15.03.07

15.03.2007 - Қалталы қазақ
Әлемнің әйгілі миллиардерлерін мұрынынан тізіп жалпақ дүниеге паш ететін «Forbes» журналы жуырда еліміз үшін жағымды жаңалықты жария етті. Осы күнге дейін Қазақстанның бар байлығын теспей сорып келген шетелдік алаяқтар біздің несібемізді қылғыта отырып миллиардер атанып келіп еді. Енді міне, өзіміздің қаракөздеріміз де сол санатқа қосылып, «өлгеніміз тіріліп, жоғалтқанымызды тауып» отырмыз.
«Қазақстан», №10 (150), 15.03.07


Страницы: 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
Архив по годам:
Query: SELECT a.Banner_ID, a.Campaign_ID, d.Type, h.BannerSize_Name, d.File, d.Alt, d.Text, g.Field_ID, d.NewWindow FROM Banner_CampaignBanner AS a, Banner_CampaignZone AS b, Message30 AS c, Message28 as d, Message29 AS e, Message32 AS f, Field AS g LEFT JOIN Classificator_BannerSize AS h ON h.BannerSize_ID=d.Size LEFT JOIN Message31 AS i ON f.Message_ID=i.Script WHERE ((c.Start<=IF(c.Start IS NOT NULL,NOW(),0) AND c.Stop>IF(c.Stop IS NOT NULL,NOW(),0)) AND IF(c.Shows IS NOT NULL,(c.Showed+1),0)<=IF(c.Shows IS NOT NULL,c.Shows,0)) AND a.Campaign_ID=b.Campaign_ID AND c.Checked=1 AND a.Campaign_ID=c.Message_ID AND c.Message_ID=2 AND b.Zone_ID='1' AND b.Zone_ID=e.Message_ID AND ((e.Site='3' AND e.Section IS NULL) OR (e.Site='3' AND (e.Section='423' )) OR ((e.Section='423' ) AND e.Site IS NULL) OR (e.Class='288' AND e.Object='0') OR (e.Class='288' AND e.Object IS NULL)) AND f.Message_ID = d.Script AND d.Status=1 AND d.Checked=1 AND c.Size=d.Size AND d.Size=e.Size AND a.Banner_ID=d.Message_ID AND f.Message_ID=d.Script AND f.TimeZone16=1 AND f.Day4=1 AND ( ( ( i.Site!='3' OR i.Site IS NULL ) AND i.Section IS NULL AND i.Class IS NULL AND i.Object IS NULL ) OR ( ( i.Section!='423' OR i.Section IS NULL ) AND i.Class IS NULL AND i.Object IS NULL ) OR ( i.Class!='288' AND i.Object IS NULL ) OR ( i.Class IS NULL AND i.Object!='0' ) OR ( i.Object!='0' OR ( i.Class!='288' AND i.Object IS NOT NULL ) ) OR ( i.Site IS NULL AND i.Section IS NULL AND i.Class IS NULL AND i.Object IS NULL ) ) AND g.Class_ID=28 AND g.TypeOfData_ID=6 AND g.Field_Name='File' ORDER BY RAND() LIMIT 1

Error: Unknown column 'd.Size' in 'on clause'

2006; 2007;
 
   
"АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22