«Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП Құрылтай Съезiнiң
Қ А У Л Ы С Ы
2005 ж. 29-сәуiрi, Алматы қаласы
«Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» Қоғамдық бiрлестiгiн құру туралы» «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП Құрылтай съезiнiң бастамашыл тобы мен делегаттарының ұсыныстарын қарап шығып, «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП Құрылтай съезi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» Қоғамдық бiрлестiгi құрылсын.
“Қазақстанның “Нағыз АҚ ЖОЛ” Демократиялық партиясы”
Қоғамдық бiрлестiгiнiң Құрылтай съезiнде
БЕКIТIЛГЕН
2005 жылдың 29-сәуiрi, Алматы
“Қазақстанның “Нағыз АҚ ЖОЛ” Демократиялық партиясы” Қоғамдық бiрлестiгiнiң
1.Жалпы ережелер
1.1. “Қазақстанның “Нағыз АҚ ЖОЛ” Демократиялық партиясы” Қоғамдық бiрлестiгi (бұдан әрi – Партия) Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының “Қоғамдық ұйымдар туралы” және “Саяси партиялар туралы” Заңдарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерi мен осы Жарғыға сәйкес құрылған және өз қызметiн жүзеге асыратын саяси партия болып табылады.
1.2. Партия мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарына азаматтардың, әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн ұсыну және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатындағы саяси ерiк-жiгерiн бiлдiретiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi болып табылады.
1.3. Партияның толық аты:
Қазақ тiлiнде – “Қазақстанның “НағызАҚ ЖОЛ” Демократиялық партиясы” Қоғамдық бiрлестiгi.
Орыс тiлiнде – Общественное объединение “Демократическая партия Казахстана “НастоящийАК ЖОЛ”.
Партияның қысқаша аты:
Қазақ тiлiнде – ҚДП “НағызАҚ ЖОЛ”.
Орыс тiлiнде – ДПК “НастоящийАК ЖОЛ”.
1.4. Партия оқшауланған мүлкi, өзiндiк балансы бар, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алатын және мiндеттемелерiне жауап беретiн, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңды тұлға болып табылады.
1.5.Партия мүшелерi Партияның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi (жауапкершiлiк жүктемейдi). Партия өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi (жауапкершiлiк жүктемейдi).
1.6.Партияның суреттемесi осы Жарғыға Қосымшада келтiрiлген өз символикасы бар.
1.7. Партия құрған ұйым болып табылатын Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, ———————————————————————
2. Партияның мақсаттары мен мiндеттерi, құқықтары мен мiндеттемелерi
2.1. Партияның мақсаттары – тәуелсiз, гүлденген, демократиялық, құқықтық және әділетті Қазақстанды құру, елдiң әрбiр азаматы үшін лайықты өмiрге қол жеткізу.
2.2. Партияның мiндеттерi – қоғамда орын алып отырған саяси, әлеуметтiк және экономикалық проблемаларды шешуге ықпал ететiн идеяларды жасақтау және нақты iс-қимылдарды жүзеге асыру.
2.3. Партияның өзiнiң Жарғысы мен Бағдарламасы айқындаған мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен жүзеге асыру жолындағы құқықтары:
1) өзiнiң қызметi жайлы ақпарат тарату және мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттау;
2) ерiктi түрде ассоциацияларға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгу;
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Республика Парламентiнiң Мәжiлiсi мен мәслихаттары депутаттығына; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну;
4) өзiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құру;
5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер және тосқауылдар өткiзу;
6) Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актiлерi ескерген өзге де құқықтар мен iс-әрекеттердi жүзеге асыру.
2.4. Партия:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалары талаптарын сақтауға;
2) әрбiр азаматтың өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпараттар көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
3) Партияның Орталық аппаратының мекен-жайы мен оның Басшылары жайлы мәлiметтердегi өзгерiстер туралы заңды тұлғаларды мемлекеттiк бiрегей тiркеу құжатындағы мәлiметтер көлемiнде хабарлап отыруға;
4) өзiнiң қаржылық қызметi жайлы салық органдарына Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген мерзiмде және көлемде есеп берiп отыруға мiндеттi.
2.5.Партия қызметінің заты – оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
3. Партияға мүшелiкке өтудiң және шығудың шарттары мен тәртiбi, партия мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, партия мүшелерiн есепке алу тәртiбi
3.1. Әскери қызметтегiлерден, ұлттық қауiпсiздiк органдары, құқық қорғау органдары және сот қызметкерлерiнен өзге Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы Партия мүшесi бола алады.
3.2. Партияға мүше болу ерiктi, жеке және тiркемелi. Партияға мүшелік Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін шектеуге негіз бола алмайды. Әркім өзінің партияға қатыстығын көрсетуге не көрсетпеуге құқықты.
3.3. Партияға мүшелiкке қабылдау Партияға кiрушi адамның мыналарға жазбаша берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады:
1) Партияның тиiстi филиалы немесе өкiлдiгi Кеңесiнiң Бюросына (бұдан әрi – Бюро) беру үшiн бастауыш партия ұйымына;
2) Бюроға;
3) Партияның Орталық Кеңесiнiң Төралқасына (бұдан әрi – Төралқа).
3.4. Партия мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi мыналар қабылдайды:
1) бастауыш партия ұйымы арқылы Бюроға немесе тiкелей Бюроға берiлген өтiнiштер бойынша – Бюро;
2) Төралқаға берiлген өтiнiштер бойынша – Төралқа.
3.5. Партия мүшелерiнiң есебiн Бюро немесе Төралқа келiп түскен өтiнiштердi Бюрода немесе Төралқада тiркеу жолымен, соңынан Партия мүшелерiнiң мәлiмет базасын қалыптастыру және жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
Партия мүшелерiнiң мәлiмет базасын қалыптастыру және жүргiзу, сондай-ақ,
Партияға мүшелiктi куәландыратын құжаттарды беру, Төралқа бекітетін мәлiмет базасын қалыптастыру және жүргiзу, партияға мүшелiктi куәландыратын құжатты беру Ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
3.6. Партия мүшелiгi мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) Партия мүшесiнiң өз бастамасы бойынша – Партия мүшелiгiнен шығуы туралы жазбаша өтiнiшiн Бюроға бастауыш партия ұйымы арқылы немесе тiкелей Бюроға не болмаса Төралқаға беру жолымен;
2) Партия мүшелiгiнен шығару – Партияның Жарғысындағы ережелердi орындамағаны немесе Партияны жаманатқа қалдыратын немесе оған елеулi зияны тиетiн әрекеттер жасағаны үшiн, Бюроның не Төралқаның шешiм қабылдау жолымен. Партия мүшесiн партиядан шығару туралы шешiм Бюро мәжiлiсiне қатысқан Бюро мүшелерiнiң 2/3-сi оның партиядан шығарылуына дауыс берген жағдайда қабылданады. Партиядан шығару туралы шешiммен келiспеген жағдайда бiр ай мерзiм iшiнде Төралқаға шағымдануға болады.
3) партия мүшесiнiң өлiмi;
4) партия мүшесiнiң басқа партияға өтуі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көрсетiлген басқа да жағдайларында.
Партия мүшелiгiнiң тоқталуы партияның сайланбалы органына мүшелiктiң автоматты түрде тоқтатылуын бiлдiредi.
3.7. Партия мүшесiнiң құқықтары:
- Партияның басқару және бақылау-тексеру органдарын сайлау және оларға
сайлану;
- Басқа мүшелермен бастауыш партия ұйымдарына бiрiгу;
- Партия қызметi және оның басқару органдары туралы ақпарат алу;
- Мемлекеттiк билiктiң және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланбалы қызметiне Партияның атынан кандидат ретiнде ұсынылу;
- Партия жұмысына қатысу жолдарын таңдау;
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына өзгерiстер енгiзу туралы және
партияның қызметiн жақсарту жөнiнде бастауыш партия ұйымына және Бюроға
ұсыныстар жасау;
- Партиядан шығу мәселесiн шешу;
- Партия қатарына алу және одан шығу жайлы өтiнiшiн қарайтын Бюроның
мәжiлiсiне қатысу;
- Партияның барлық акцияларына қатысу;
- Партия қызметiне материалдық қолдау көрсету.
3.8. Партия мүшесiнiң мiндеттерi:
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында, басқа да бағдарламалық
құжаттарындағы мақсаттар мен мiндеттерiне ортақтасу;
- Партияның мақсаттары мен мiндеттерiн орындауға қол жеткiзуiне септiгiн тигiзу;
- Партияның қызметiне жеке басының араласуы;
- Мүшелiк жарна төлеу;
- Партияның Жарғысын орындау;
- Партияның басқару және бақылау-тексеру органдарының шешiмдерiн орындау;
- Партия қатарына жаңа мүшелер тарту жөнiнде жұмыс жүргiзу;
- Партияның абыройы мен қызметiне зиян келтiруi мүмкiн iс-әрекеттерге бармау.
4. Партияны және оның құрылымдық бөлiмшелерiн құру тәртiбi, Партияның ұйымдастырушылық құрылымы
4.1. Партия Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралған тәртiппен құрылады, тiркеледi (қайта тiркеледi), қайта құрылады және таратылады.
Партия өз қызметiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында атқарады.
4.2. Партияның құрылымдық бөлiмшелер (филиалдары немесе өкiлдерi) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртiпте Партия съезiнде олардың құрылуы туралы шешiм қабылдау жолымен және Партияны мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн, заңнамада белгiленген мерзiмде есептiк тiркеуге тұрған соң құрылады.
Партияның құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан ары – ПҚБ) есептi тiркеудiң өз қызметiн орныққан мекен-жайы бойынша жүзеге асырады.
4.3. ПҚБ заңды тұлға болып табылмайды, ПҚБ жөнiндегi Ережелер негiзiнде әрекет етедi және өз қызметiнде Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын Партияның жоғарғы басқару және басқару органдарының шешiмдерiн басшылыққа алады.
4.4. ПҚБ басқару органдары Партияның бағдарламсын және оны басқару органдарының шешiмдерiн жүзеге асыру барысында, оларға қол жеткiзу жолдарын өздерi айқындай алады.
4.5. Ерiктi түрде құрылып жатқан бастауыш партия ұйымдары ПҚБ болып табылмайды және заңды тұлға болып табылмайды.
4.6. Партияның сайланбалы органдары Партияның және ПҚБ басқарушы және бақылау-тексеру органдарынан құралады.
4.6.1. Партияның басқарушы органдарына келесiлер кiредi:
Партияның жоғарғы басқарушы органы – Партия съезi;
Партияның өкiлеттiк басқарушы органы – Партияның Орталық Кеңесi;
Партияның коллегиалды басқарушы органы – Төралқа;
Партияның атқарушы басқару органы – Партияның Теңтөрағалары.
4.6.2. ПҚБ басқару органдарына келесiлер кiредi:
ПҚБ жоғарғы басқарушы органы – ПҚБ Конференциясы;
ПҚБ өкiлеттi органы – ПҚБ Кеңесi;
ПҚБ коллегиалды басқарушы органы – Бюро;
ПҚБ атқарушы басқару органы – ПҚБ Төрағасы.
4.6.3. Партияның бақылау-тексеру органы Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы болып табылады.
4.6.4. ПҚБ бақылау-тексеру органы ПҚБ Бақылау-тексеру комиссиясы болып табылады.
5. Партияның басқару органдарын сайлау тәртiбi, құзыретi және өкiлеттiлiк мерзiмi
5.1. Партияның жоғарғы басқару органы – Партия съезi.
5.1.1. Партия съезi кем дегенде екi жылда бiр рет шақырылады.
5.1.2. Партияның съезi – Партияның Орталық Кеңесiнiң, Төралқаның шешiмiмен немесе Партияның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң кем дегенде жартысы талап еткен жағдайда шақырылады.
5.1.3. Партия съезiнiң шешiмдерi Партияның съезiне барлық облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан ПҚБ өкiлдерi қатысқан жағдайда съезде тiркелген делегаттарының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Партияны ерiктi түрде тарату және жою туралы Партия съезiнiң шешiмi барлық облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан ПҚБ өкiлдерi қатысқан жағдайда съезд делегаттарының 2/3 дауысымен қабылданады.
Партияның жоғарғы басқару органының – Партия съезiнiң шешiмдерi кесiмдi және ол жайлы тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сотқа шағымдануға болады.
5.1.4. Партияның съезi Партияның қызметiне байланысты барлық мәселелердi шешуге құқылы.
Партия съезiнiң айрықша құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасын қабылдау және оларға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу;
- Партияның Орталық Кеңесiн, Төралқаны, партияның Теңтөрағаларын және Орталық бақылау-тексеру комиссиясын сайлау, сондай-ақ олардың есептерiн тыңдау және бекiту;
- Партия мүшелерiн Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидат ретiнде ұсыну, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тiркеу үшiн берiлетiн депутаттыққа кандидаттардың тiзiмiн бекiту;
- Партияны ерiктi түрде тарату мен жою туралы шешiмдi қабылдау;
- Партияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiн) қызметiн, оның
iшiнде мерзiмiнен бұрын, тоқтату туралы, сондай-ақ, басқа заңды тұлғалардың
құрамында Партияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдау;
- партиялық мүшелiк жарнаның мөлшерiн бекiту;
Сонымен қатар Партия съезiнiң құзыретiне жататыны:
- Партияның басқару органдарының, Партияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң), Партияның Орталық аппаратының және Партияның баспасөз органдарының қаржылық есеп беру ұсынысының тәртiбi мен жиiлiгiн, бақылау-тексеру органдарының тексерулер туралы Ереженi қабылдау;
- заңнамалық актiлерде белгiленген шеңберде, Партияның басқа (заңды тұлғаларды) құруға немесе қызметiне қатысуға сондай-ақ, Партияның басқа заңды тұлғалардың құрамында қызметiн тоқтатуы жөнiнде шешiм қабылдау;
- бақылау-тексерулерi туралы Ереженi қабылдау;
- ПҚБ туралы Ереженi қабылдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, Партияның басқа да маңызды мәселелерiн шешу.
Съезд өзiнiң ерекше құзыретiне жатпайтын кейбiр өкiлдiктерiн Партияның Орталық Кеңесiне және Төралқаға беруге құқылы.
5.1.5. Партияның съезiне делегаттардың өкiлдiк нормасын Төралқа белгiлейдi. Партияның бiр мың мүшесiне бiр делегаттан кем болмауы керек.
5.1.6. Партия съезiне делегаттарды сайлау тәртiбiн Төралқа максималды тең өкiлдiк принципiмен орнатады. Делегаттар құрамына партияның әрекет үстiндегi сайланбалы орындарының мүшелерiнiң автоматты түрде кiргiзiлуiне жол берiлмейдi.
5.1.7. Партияның съезi оның мәжiлiстерiнде сайланған делегаттардың жалпы санының 2/3-сiнен кем емес қатысушылар қатысқан жағдайда шешiмдер қабылдауға өкiлеттi.
5.2. Партияның өкiлеттi басқару органы – Партияның Орталық Кеңесi.
5.2.1. Партияның съездерi аралығындағы Партия басшылығын Партияның Орталық Кеңесi атқарады. Партияның Орталық Кеңесi кем дегенде алты айда бiр рет шақырылады.
5.2.2. Партияның Орталық Кеңесi Төралқа шешiмiмен не Партияның Орталық Кеңесiнiң 1/3-ден кем емес мүшелерiнiң талабымен шақырылады.
5.2.3. Партиялық Орталық Кеңес мүшелерi Партия съезiнде партия мүшелерiнiң максималды тең аумақтық өкiлеттiгi принципi бойынша сайланады. Партияның Орталық Кеңесiнiң өкiлеттiк мерзiмi – екi жыл.
5.2.4. Партияның Орталық Кеңесiнiң құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның съезiн шақыру;
- съездiң шешiмдерiн жүзеге асыруды бақылау;
- Партияның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiн) қызметiн, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын, тоқтату туралы, сондай-ақ, басқа заңды тұлғалардың құрамында Партияның қызметiн тоқтату туралы Партия съезiне ұсыныс жасау;
- Партияның Төралқасы мүшелерi мен Теңтөрағалары арасында мiндеттердi бөлiп беру;
- мүшелiк жарна төлеу тәртiбiн айқындау;
- ПҚБ конференциялары ұсынған мәслихат депутаттығына кандидатураларды бекiту
тәртiбiн анықтау;
- Партияның бюджетi туралы есепті бекiту;
- Төралқаның, Партияның Теңтөрағаларының, ПҚБ Төрағаларының, Орталық аппараттың
және Партияның баспасөз органдары редакторларының есебiн тыңдау;
- Партия органдарының Партия съезiнiң шешiмдерiнен басқа Төралқа тоқтатқан, Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келетiн шешiмдердi қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
- Партия съезi мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құзырына кiрмейтiн, Партия қызметiне қатысты мәселелердi қарау және шешу;
- Партия съезi берген өкiлеттiктер;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келмейтiн өкiлеттiктер.
Партияның Орталық Кеңесi (Партияның съезi берген өкiлеттiктерден басқа) өз құзыретiне жататын кейбiр өкiлдiктерiн Төралқаға беруге құқылы.
5.2.5. Партияның Орталық Кеңесi оның мәжiлiстерiнде әрекет етушi мүшелер құрамының жартысынан астамы қатысқан (тiркелген) жағдайда шешiмдер қабылдауға өкiлеттi.
5.3. Партияның коллегиалды басқарушы органы – Төралқа.
5.3.1. Партияның Орталық кеңесiнiң мәжiлiстерi аралығындағы Партия басшылығын Төралқа атқарады. Төралқа кем дегенде айына бiр рет шақырылады.
5.3.2. Партияның Орталық кеңесiнiң Төралқасы партияның кез келген Теңтөрағаларының бiрiнiң шешiмiн немесе Төралқа мүшелерiнiң 1/3-iнiң талабымен шақырылады.
5.3.3. Төралқаның мүшелерi Партия съезiмен сайланады. Төралқаның өкiлеттiк мерзiмi – екi жыл.
5.3.4. Төралқаның құзыретiне мыналар жатады:
- Партияның съезiн шақыру, партияның съездерiн өткiзу жөнiнде Партияның Орталық Кеңесiне ұсыныс енгiзу;
- Партия съезiнiң, Орталық Кеңесiнiң және Төралқаның шешiмдерiн жүзеге асыруды ұйымдастыру және бақылау;
- Басқа заңды тұлғалар құрғанда, не құруға қатысқанда немесе олардың қызметiн атқарғанда Құрылтайшы органның қызметiн атқару;
- Филиалдар мен өкiлдiктер жөнiндегi Ережелердi, Партияның бастауыш ұйымдары туралы Ережелердi, Партияға мүшелiктi куәландыратын құжаттарды беру, мәлiмет базасын қалыптастыру, жүргiзу туралы Ереженi бекiту;
- филиалдары мен өкiлдiктерiнiң төрағаларының, сондай-ақ, Орталық аппарат жетекшiсiнiң және Партияның баспасөз органдары редакторларының ақпараты мен ұсынысын қарастыру;
- Партияға қабылдау туралы мүшелердiң өтiнiшiн қарастыру және партиядан мүшелердi шығару және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
- филиалдар мен өкiлдiктердiң шешiмдерiне байланысты Партия мүшелерiнiң шағымдарын, сондай-ақ, Партия мүшелiгiне қабылдау және одан шығару туралы Партия мүшелерiнiң өтiнiштерiн қарау;
- Партияның Теңтөрағалары арасында міндет бөлісу:
- Партияның Орталық аппарат басшысы мен оның орынбасарларын бекiту;
- Партияның баспасөз органдарының редакторларын бекiту;
- Партияның мүлiктерi мен қаржыларына билiк ету;
- ақшаның түсуi мен оның жұмсалуы (бюджет жөнінде асеп) жөнiнде жыл сайын Партияның Орталық Кеңесiне хабарламалар жасап отыру;
- Партияның iшкi құжаттарын бекiту, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;
- Партияның жұмысшы органдарын (комиссиялар, комитеттер және т.б.) құру жөнінде шешім қабылдау;
- Партия съезiнiң шешiмдерiнен басқа, Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келетiн Партия органдарының шешiмдерiн, оларды Партияның Орталық Кеңесi қарастырғанша, тоқтата тұру;
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келетін Партия органдарының шешімдерін, Партияның Съезі мен Орталық Кеңес шешімдерінен басқа, оларды Партияның Орталық Кеңесі қарағанша тоқтата тұру;
- Партияның Орталық Кеңесi берген өкiлеттiктер;
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келмейтiн өкiлеттiктер;
- Партияның съезiнiң, Партияның Орталық Кеңесi мен Орталық Тексеру комиссиясының құзыреттерiне кiрмейтiн қызмет бабындағы басқа да мәселелердi қарау және шешу.
5.3.5. Төралқа оның мәжiлiсiне әрекет етушi мүшелер құрамының жартысынан астамы қатысқан (тiркелген) кезiнде шешiмдер қабылдауға өкiлеттi.
5.4. Партияның атқарушы басқару органы – Партияның Теңтөрағалары.
5.4.1. Партияның Орталық Кеңесi Төралқасының мәжiлiстерi арасында Партия қызметiне ағымдағы тұрақты басшылықты Партияның Теңтөрағалары жүзеге асырады.
5.4.2. Партияның Теңтөрағалары Партия съезiмен сайланады. Партия Теңтөрағаларының өкiлеттiк мерзiмi – екi жыл.
5.4.3. Партия Теңтөрағаларының (бiрлесе және жеке) құзыретiне мыналар кiредi:
- Партия съезiнiң, Партияның Орталық Кеңесiнiң және Төралқаның қаулыларына, хаттамаларына, сондай-ақ, Партия атынан басқадай құжаттарға қол қою;
- Партияны мемлекеттiк билiктiң органдарында, барлық басқадай органдарда және ұйымдарда, сондай-ақ, халықаралық қарым-қатынастарда таныстыру;
- Партияның Орталық Кеңесiнiң және Төралқасының жұмысына басшылық жасау, олардың мәжiлiстерiнде төрағалық ету;
- Төралқаның бекiтуiне ұйымдар басшыларының – Партияның Орталық аппаратының басшысын және оның орынбасарларын, сондай-ақ, Партияның баспасөз органдарының редакторларын ұсыну;
- Төралқаға жүктелген басқадай қызметтердi атқару;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға қайшы келмейтiн басқа қызметтердi атқару.
5.5. ПҚБ жоғарғы басқарушы органы – ПҚБ конференциясы.
5.5.1. ПҚБ конференциясы кем дегенде жылына бiр рет шақырылады.
5.5.2. ПҚБ конференциясы Кеңестiң шешiмiмен немесе Партияның осы ПҚБ төрттен бiр бөлiгiнен кем емес санын құрайтын мүшелерiнiң талабымен шақырылады.
5.5.3. ПҚБ конференциясы оның мәжiлiсiнде сайланған делегаттардың ортақ санының 2/3-тен астамы қатысқан кезде шешiмдер қабылдауға өкiлеттi.
5.5.4. ПҚБ конференциясының құзыретiне мыналар кiредi:
- Партияның басқарушы органдарының шешiмдерiн орындауды бақылау;
- Партияның басқарушы органдарының құзыретiне кiретiндерден басқа ПҚБ қызметiнiң мәселелерiн шешу;
- Партияның Орталық Кеңесiне iс жүзiндегi заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентiнiң депутаттығына ұсыну туралы ұсыныс жасау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Партияның Орталық Кеңесi анықтайтын тәртiппен келiсiлген мемлекеттiк билiктiң органдарына сайламалы қызметтерге кандидаттар ұсыну;
- Партияның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тиiстi басқарушы және бақылау-тексеру органының жалпы санының 1/5 бөлiгiнен аспайтын, Кеңестi, ПҚБ бақылау-тексеру комиссиясын оларға өз құрамына конференциялар аралығы кезеңiнде жаңа мүшелердiң кооптациясы құқығын ұсына отырып сайлау;
- Кеңестiң және ПҚБ бақылау-тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;
- Партия съезiнiң, Партияның Орталық Кеңесiнiң, Партия Теңтөрағаларының және Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құзыретiне кiрмейтiн басқадай сұрақтарды шешу.
5.5.5. Филиалдар мен өкiлдiктердiң конференциясының делегаттардың өкiлдiк нормасын Кеңес орнатады. Бұл жағдайда Партияның жүз мүшесiне бiр делегаттан кем болмауы тиiс.
5.5.6.Конференцияға делегаттарды сайлау тәртiбiн Кеңес Партия мүшелерiнiң максималды тең өкiлдiгi принципiне шыға отырып орнатады. Бұл жағдайда Конференция делегаттарының құрамына Партияның сайланбалы органдарының мүшелерi автоматты түрде енуiне жол берiлмейдi.
5.5.7.Конференцияның шешiмдерi, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына, сондай-ақ, Партия съезiнiң немесе Партияның Орталық Кеңесiнiң шешiмдерiне қайшы келсе, Төралқамен тоқтатылып және Партияның Орталық Кеңесiмен керi қайтарылады.
5.6. ПҚБ өкiлдiк басқарушы органы – Кеңес.
5.6.1. ПҚБ конференциясының аралық кезеңiнде оның қызметiне Кеңес басшылық жасайды. Кеңес кем дегенде үш айда бiр рет шақырылады.
5.6.2. Кеңес ПҚБ төрағасының, Бюроның, не болмаса кеңестiң 1/3 кем емес мүшелерiнiң талабы бойынша шақырылады.
5.6.3. Кеңес мүшелерi ПҚБ конференциясында сайланады. Кеңестiң өкiлеттiк мерзiмi – бiр жыл.
5.6.4. Кеңес оның мәжiлiсiнде әрекет етушi мүшелерiнiң құрамының жартысынан астамы қатысқан (тiркелген) кезiнде өкiлеттi.
5.6.5. Кеңес құзыретiне мыналар кiредi:
- Конференцияны шақыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Партияның Орталық Кеңесi анықтаған тәртiппен келiсiле жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланбалы қызметтерiне кандидаттар ұсыну;
- Партия съезiнiң, Партияның басқарушы органдарының, сондай-ақ конференцияның шешiмдерiн жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- ПҚБ Төрағасының және ПҚБ бақылау-тексеру комиссиясының есебiн бекiту;
- Конференцияға ұсыныстар енгiзу;
- Партияның Жарғысы мен Бағдарламасына қайшы келмейтiн және Партияның басқарушы органдарының құзыретiне кiрмейтiн басқадай өкiлеттiктер.
|