Партия           
 
 

 
 
 
  • Жарғы
  • Бағдарлама
  • Съездер мен жиналыстар
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Партия / Бағдарлама
    Бағдарлама
      Версия для печати

    Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ»

    демократиялық партиясының

    2005 ж. 29-сәуіріндегі Құрылтай съезінде

    БЕКІТІЛГЕН
     
    ҚАЗАҚСТАННЫҢ «НАҒЫЗ АҚ ЖОЛ»

    ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ

    БАҒДАРЛАМАСЫ
     

    Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуал, тез өзгеріп жатқан халықаралық жағдай геосаяси кеңістіктің өзгеруі жаңа тарихи тенденциялардың мәніне, сонымен байланысты ғаламдық өзгерістерге терең үңілуді қажет етеді.

    Азаматтық қоғам мен мемлекет институттарының лайықты шешімдері ғана тез өзгеріп жатқан әлемнің талаптарына сенімді жауап бола алады. Идеялық негізін өмірдің барлық салаларын демократиялық тұрғыдан түбірімен өзгерту құрайтын жан-жақты саяси реформа қажет.

    Постөндірістік әлемдегі мемлекет құрудың бәсекеге ең қабілетті түрі- демократиялық құрылым. Демократия – 21 ғасырдағы ғаламдану жағдайындағы басты үздіксіз даму жолы.

    Біз алға қойған мақсаттар - демократиялық құндылықтарды құрметтеу, нарықтық өзгерістерді жеделдету, азаматтық қоғамды қалыптастыру, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы негізгі құндылықтарды батыл түрде енгізуді қажет етеді.

                    Біздің мақсатымыз – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру.

                   Партияның жұмысы еріктілік, теңдік, өзін-өзі басқару және жариялылық принциптеріне негізделеді.

    Біз шын мәнісіндегі
    ТӘУЕЛСІЗ,
                    ГҮЛДЕНГЕН,
                                   ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ,
                                                   ЕРКІН

                                                                   Қазақстан мемлекетін құру жолындағы күш-жігерімізді жұмылдыру үшін жиналдық!

    Бізді әр қазақстандықтың жүрегіне жақын негізгі ортақ құндылықтар - ӘДІЛДІК, БАҚУАТТЫЛЫҚ және ӨРКЕНДЕУГЕ деген ұмтылыс біріктіреді.

    ТӘУЕЛСІЗДІК – бұл Қазақстан халқының ғасырлар бойғы мұрат және тарихи арманының өз жерінде шындыққа айналу мүмкіндігі.

    БОСТАНДЫҚ – бұл Коснтитуция мен заңдарда адам құқықтарын жариялау ғана емес, ұлттық, тектік, кәсіби, немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, Қазақстанның әрбір азаматына оларды жүзеге асыра алу мүмкіндігінің міндетті түрде берілуі.

    ДЕМОКРАТИЯ - әділ, таза және еркін сайлау, қоғамдағы идеялар мен көзқарастар бәсекесі, ақпаратты кедергісіз алу және таратуға негізделген, барлық азаматтардың ел басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін нағыз халық билігі.

    ӘДІЛДІК – тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам, соттардың тәуелсіздігі, жұрттың бәрінің заң алдында тең болуы, жемқорлықпен және қылмыспен нәтижелі де табанды күрес, әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүруге құқығы және оның құқықтары мен заңды мүдделерінің ескерілуі әрі қорғалуы.

    ӨРКЕНДЕУ – адам, қоғам және мемлекеттің табысты, қарыштап дамуы, заман талаптарына жауап беру мүмкіндіктерінің қамтамасыз етілуі, адамдардың ең жақсы қасиеттеріне, адамзат өркениетінің құндылықтарына сүйену.

    ДӘУЛЕТ – мемлекеттің адам потенциалының толық дамуына жағдай жасауы, бастамашылдықты және көмек көрсетуді шектемей, ұлттық байлықты әділ бөлу арқылы азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімінің қалыптасуы, меншікке қол сұғылмауына кепілдіктің болуы және отандық бизнеске қолдау көрсету.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” – Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі  үшін, биліктің теңгермешілік пен тежемелік принциптерге негізделген айқын бөлінісі үшін, азаматтық қоғам институттарының пәрменділігі үшін күресетін партия.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” – Қазақстан азаматтарының өз мүмкіндіктерін паш етудегі тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері үшін күресетін партия.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” – мемлекеттік және өзге де тілдерді, мәдениеттерді дамыту арқылы ұлтаралық қатынастарды үйлестіруді жақтайды.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қастерлейтін, олардың әділ де таза сайлауларда елді басқаруға қатыса отырып, Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшінгі жауапкершілікті өз мойнына алатын заңды және беделді билік құруға қатысуын қалайтын нағыз демократиялық партия.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” – шынайы әділеттілік үшін табанды түрде күресетеін партия. Ол жерасты байлықтарынан түскен табысты әділ бөлуді, жұрттың бәрінің заң алдында тең болуын жақтайды. Жаппай жемқорлықтан құтылуды, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, жұмыссыздықты азайту және әлеуметтік қорғаудың тиімді бағдарламасын дайындауды қалайды.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” – жеке адамның өз тағдырына деген жауапкершілігі мен мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік кепілдік арасындағы тепңдіктің лайықты түрде сақталуы үшін күреседі.

    Біз халық қолдаған «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның 2002 жылғы Бағдарламасында, 2004 жылғы Сайлауалды платформасында жарияланған принциптерге адалмыз!

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” ҚДП-сының Бағдарламасы мақсатымыздың айқындығына және сабақтастығына негізделген.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” ҚДП-сының Бағдарламасы шынайы – ұсынылған бағыттар олардың жүзеге асырылу мүмкіндіктерін есепке ала отырып жасалған.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” партиясы Қазақстанның барлық азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін күреседі.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” партиясы мұны шын мәнісінде қалай жүзеге асыру керек екендігін көрсетеді. 

    * * *
    Саяси жүйе

    Жаңарту механизмдерін құру мен биліктіңережесін қалыптастыру арқылы, биліктің қоғаммен қарым-қатынасы және оған есеп беруі арқылы саяси жүйені түбегейлі жетілдіру керек. Бұл салада «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясының негізгі іс-әрекетіҚазақстанның демократиялық күштері Үйлестіру кеңесі жасаған президенттік-парламенттік республикаға өтуді қарастыратын Қазақстанның Жаңа Конституциясының жобасымен сәйкес келеді.

                    Парламенттің рөлін көтеру Үкіметті парламенттік көпшіліктің құруы, мемлекеттік бюджеттің орындалуына, Үкіметтің қызметіне және басқа да мемлекеттік органдарға Парламенттің бақылау өкілеттілігін күшейту, Есеп комитетін Парламентке бағынышты ету жолымен іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ, оның құрамының жартысын парламенттік азшылық жасақтауы тиіс.

    Сот жүйесінің шын мәнінде тәуелсіз болуын қамтамасыз ету;

    Конституциялық сотты қалпына келтіру қажет.

    Облыс, аудан және елді мекендер әкімдерін тікелей тұрғындардың сайлауын енгізу, жергілікті басқару органдарының қызметін және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау бойынша мәслихаттың құқығы мен өкілеттілігін кеңейту, жергілікті өзін өзі басқару органдарын құру тиімді.

    Саяси партиялардың рөлін, соның ішінде Мәжіліске бірмандатты окургтерден және партиялық тізіммен сайланатын депутаттар арасында тепетеңдік енгізу арқылы, күшейту қажет.

    Азаматтардың ақпаратты еркін алуы мен тарату құқығын жүзеге асыру - ашық саяси жүйенің негізгі элементі болып табылады. Бұл:

    -              БАҚ-ты монополияландыруға жол бермеуді;

    -          құрамына Парламент депуттары мен қауымдастық өкілдерін кіргізе отырып, мемлекеттік БАҚ-тарда қоғамдық кеңес құруды;

    -          Қоғамдық телеарна құруды;

    -          Ашық байқау негізінде теле және радиожиіліктерін әділетті түрде реттеуді;

    -          БАҚ-тар қызметінің, соның ішінде олардың құрылтайшыларына қатысты мәліметтердің мөлдірлігін;

    -          Журналистер құқықтарын мүлтіксіз сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуді талап етеді.

    Мемлекеттік органдарды қалыптастыру халықтың саяси еркі негізінде жүзеге асырылуы тиіс, бұл ашық және тиімді механизмдер арқылы қалыптасу қажет. Сондықтан «Нағыз АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы еліміздің сайлау туралы заңын ОБСЕ стандарттарына толықтай сәйкестендіру керек деп санайды.

    Қазақстан азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласындағы барлық халықаралық актілерге қосылып, оларды сөзсіз бекітуге тиіс.

     Ашық саяси жүйе құру сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюдың шынайы негізі болады. Осы мақсатта, сондай-ақ, экономикалық, әкімшілік және құқықтық сипаттағы қосымша шаралар қажет.

    Қазақстанның саяси жүйесін дамытуда азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың рөлі артуы негізгі тенденция болуы тиіс.

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” Демократиялық партиясы қоғамда еркіндік, әділеттілік, теңдік пен көппікірлілік тәрізді демократиялық құндылықтарды орнықтыруға көмектеседі.

    Қазақстанның саяси жүйесін дамытудың негізгі тенденциясы азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар рөлінің өсуі болып табылуы керек.

    «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы бостандық, әділдік, теңдік, плюрализм сияқты демократиялық құндылықтардың қоғамда толық орнауына бар күшін салады.

    * * *
    Экономикалық жүйе

    “Нағыз АҚ ЖОЛ” партиясы экономикалық саясаттың шешуші сәті – ел экономикасын дамытуда шикізатқа бағышталуды жеңу қажеттілігі деп есептейді. Егер алдағы уақытта осыған қол жетпесе, Қазақстан байлығын ысыраппен тұтынатын, өндірісі бәсекеге қабілетсіз, еңбек ресурстарының кәсіби деңгейі төмен, тиімсіз әрі жемқорлыққа батқан мемлекеттік секторы бар, “мұнай долларына” ғана арқа сүйейтін даму жолына түседі.

    Партия табиғи байлықтарды пайдаланудан түскен табыстардың негізгі бөлігін ел азаматтары арасында теңдей әрі тікелей реттеу механизмдерін қалыптастыруға күш салады. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатын шикізаттық емес секторларды дамытуға жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ұлттық қордың қаржысы жеделдетілген дәрежеде ел ішіндегі ұзақ мерзімді инвестицияларға жұмсалуы, ал, оның қызметінің мөлдірлігі айтарлықтай күшеюі керек.

    Шикізат секторының өзінде транспаренттілікті дамытып, мемлекеттік реттеу мен бақылауды күшейту /трансфертті бағалар, экология, шетелдік жұмыс күштерін пайдалану, ж.т.б./, салық салу безбенін мемлекет пайдасына қарай аудару қажет.

    Қазақстан экономикасын жеделдетіп диверсификациялау үшін:       

    -          ивестициялық ахуалды принципті түрде жақсарту;

    -          инфрақұрылымды жедел әрі тиімді түрде дамыту;

    -          кәсіби мамандардың сапасы мен жинақылығын барынша арттыру;

    -          экономиканы өсіруге ықпал ете алатын салаларға селективті қолдау көрсету керек.

    Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін шикізаттық емес секторға салынатын салық мөлшерін төмендету, мемлекеттік реттеу жүйесін қарапайымдандыру және қысқарту, бәсекелестікті қорғауды күшейту, нәтижелі сот жүйесін қалыптастыру керек. Ашық саяси жүйеге көшпейінше, бұл бағытта толыққанды өркендеуге қол жеткізу мүмкін емес.

    Шикізаттан басқа секторға отандық жекеменшік және шетелдік инвестициялардың ағылып келуі ұлттық инфрақұрылым дамуының артта қалуымен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл жерде құрылымдарды қайта жасақтау мен кері монополияландыру жөніндегі басталған реформаны аяғына дейін жеткізу қажет, инфрақұрылымның негізгі элементтерін бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту керек және қаржыны тиімді пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту керек.

    Елдегі жоғары және кәсіптік білім берудің (және қайтадан оқытудың) баршаға ашықтығы мен сапасы шикізаттық емес дамудың шешуші факторы болып табылады. Осы салада басталған, жекеменшік және мемлекеттік қаржыландырудың өсуіне жол ашатын құрылымдық реформалардың аяқталуына, білім сапасын мемлекеттік қаржыландыруды көбейтуге және бақылауды күшейтуге күш салу қажет.

    Мемлекеттің даму нүктелерін, оларды қолдау көлемдері мен механизмдерін таңдау БСҰ-ға өту мақсатында жүргізіліп жатқан келіссөздер аясында қарастырылуы керек және бұл экономикалық саясаттың өзге сапасын талап етеді. Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың ірі емес, шағын және орта шаруашылықтарға, және де бірінші кезекте шаруа (фермер) қожалықтарына шоғырлануына күш салу қажет. Мемлекет жерді пайдаланудың ауылда тұрып жатқандардың барлығы үшін әділетті ашықтығын қамтамасыз етуі және ауыл шаруашылығы жерлерінің жеке тұлғалардың жеке меншігінде шектен тыс шоғырлануына жол бермеуі тиіс.

    Тұрғын үй нарығының параметрлері де сапалық тұрғыдан өзгеруі керек. Мемлекет “элиталық емес” үйлерді көбейтуді ынталандырмайынша, үй бағасы қымбаттай береді. Ипотекалық несие беру мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарды жасақтаудың қазіргі механизмдері реформалауды қажет етеді.

                    Шағын бизнесті /кәсіпкерлікті/ дамыту – экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болуы тиіс, өйткені әлеуметтік функциямен қоса /тұрғындардың көпшілігінің жұмысқа тартылуы/, кәсіпкерлік рухтың туып отыруына серпін береді, мұнсыз экономикалық жарып өту мүмкін емес.

     
    * * *
    Әлеуметтік сала

    Өткен он бес жылдық кезең, тұтасынан алғанда, әлеуметтік қорғау саласының күйреуімен сипатталды, бұған БҰҰ-ның тұрақты жариялап отыратын Адам Дамуының Индексіндегі өзгерістер дәлел бола алады. Сондай-аұ, елімізде қоғамды әлеуметтік тұрғыдан толық оңалтуға негіз болуға қабілетті бірқатар реформалар жүзеге асырылды.

    Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетуді толық қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласында бюджеттік қаржыландыруды тез арада ұлғайту керек, мұның ішіне алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем берудің қол жетерлік жүйесі де кіруі тиіс.

    Мұнда ең алдымен ана мен бала денсаулығын жақсартуды медициналық тұрғыдан қайта қарастыру өте маңызды. Бұған қоса, жеке секторға медициналық қызмет көрсетуді жақсы жолға қою үшін бұрынғыдан да салмақты өзгерістер керек.

    Мүгедектердің өмірін жеңілдетуге жағдай жасау саласына да көп көңіл бөлген жөн. Жәрдемақының үш сатылы жүйесін қалыптастырумен қоса, оларды қоғамға бейімдеудің және толық сауықтырудың қосымша шаралары қолға алынуы керек.

    Лайықты қарттықты қамтамасыз ету саласында әрбір зейнеткерге төленетін жасы келгендігіне байланысты берілетін жәрдемақы көлемін төменгі өмір сүру шегіне дейін жеткізу керек. Ортақ зейнетақы жүйесімен қоса, жалпы жинақтау жүйені де ілгерілету қажет.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру және жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру сияқты әлеуметтік қорғаудың осы бір майда салаларына көп көңіл бөлу керек.

    Демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында мемлекет үшінші және төртінші баланы дүниеге әкелгендерді ынталандырып /соның ішінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындап/ отыруы керек.

    Экологиялық апаттардан жапа шеккен адамдар үшін әлеуметтік қорғау және сауықтырудың кешенді механизмдерін жасап шығарған дұрыс.

    Өз еңбегімен қосымша құн үстемелеп отырған жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғаудың сапасын арттыру тек тиімді кәсіподақтар құрған жағдайда ғана мүмкін болады.

    Бұған қоса, мемлекет жастар, оралмандар мен жағдайы төмен отбасыларға қатысты әлеуметтік саясатты дұрыс жолға қоюы керек.  

     
    * * *
    Қоғамның рухани және интеллектуалды дамуы

                    «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясы мәдениет, ғылым, білім, өнер, халықтық шығармашылықтың үйлесімдікпен дамуы, еліміздің рухани және интеллектуалды өркендеуі Қазақстанның тұрақты және баянды дамуының негізі болып табылады деп санайды.

                    Халықтың жоғары мәдени деңгейінсіз, оның адами және рухани ахуалынсыз демократиялық қоғам мен тиімді нарықтық экономиканы көзге елестету мүмкін емес.

                    Мәдениет пен ғылым саласында шығармашылық пен өзін-өзі көрсетуге еркіндік беру арқылы, талантты және дарынды жастарды табу мен оларды қолдауға мемлекет барлық жағдай жасауы керек.

    Тарих пен мәдениеттің мұрасы болып табылатын тарихи ғимараттарды сақтау үшін мемлекеттік билік өзіне қатаң міндеттеме алуы қажет.

    Ғылым мен мәдениет салаларына қолдау көрсету мемлекеттік және әлеуметтік тапсырыстарды тарату арқылы жүзеге асырылуы керек. Рухани-мәдени саланы жетілдіруші күш болып табылатын жеке секторларға жағдай жасау керек.

    «Нағыз АҚ ЖОЛ» мемлекеттік тілдің қолдану саласын кеңейту және оны жетілдіру бағдарламасын қабылдауды мемлекет саналы және тиімді саясат жүргізу арқылы қамтамасыз ету керек деп санайды. Ол үшін орталықта және жер-жерде мемлекет ұлттық мәдени орталықтарға шынайы көмек көрсетуі қажет.

                    Біз мемлекет саясатының аса маңызды бағыттарының бірі - білім саласының ашық әреке бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету болуы тиіс. Мемлекет реформалау жолымен орта білімнің үздік стандарттарын енгізуге қол жеткізуге міндетті.

    * * *
    Сот жүйесі мен құқыққорғау органдарының реформасы

                    «Нағыз АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы қоғамда қылмыскерліктің өршіп бара жатқаны мемлекеттің жедел араласуын талап етеді деп санайды.

    Егер халықтың өміріне, беделіне, денсаулығына және дәулетіне үнемі қауіп-қатер төніп тұрса, ондай қоғамның жетістікке жетуі мүмкін емес.

                    Партия сот жүйесін реформалауды тездету қажет деп санайды, оның басты мақсаты судьялардың тәуелсіздігі мен сатылмайтындығын қамтамасыз ету болып табылады. Сот реформасын жүргізу құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіндік тудырады.

                    Бұл тұрғыда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту және өлім жазасын өмір бойы қамаумен ауыстыру жөнінде заңдарды қайта жүргізу керек.

                    Билік пен құқыққорғау құрылымдарының басым көпшілігін жаулап алған сыбайлас жемқорлықпен қатаң күрес жүргізу керек. Құқыққорғау органдары қызметкерлерін іріктеу, соттарды және полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жетілдіру жаңа талаптарды қажет етеді.

    Мұнымен қатар мемлекет құқыққорғау органдарының еңбек ақысын көбейту, материалды-техникалық және басқа да жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдауы керек.

    Құқыққорғау органдарының қызметінің ең басты бағытының бірі нашақорлық қылмыспен табанды күрес жүргізу, есірткіні таратушылар мен тасымалдаушылардың жолын кесу болып табылуы керек.

    * * *

    Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат

     

                    Бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер мен халықаралық қатынастардың жаңа деңгейге өтуі, бізді қоршаған кеңістіктегі жаңа геосаяси жағдайдың қалыптасуы мүмкін болар қауіп-қатер мен өзгерістерге деген қалыптасып қалған көзқарасымызды түбегейлі түрде қайта қарауды талап етеді.            

    Ұлттық қауіпсіздіктің доктриналық негіздері тереңдете қайта қарауды қажет етеді. Ұлттық қауіпсіздіктің базалық құрылымы азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау болуы тиіс.

                    Қазіргі күндері ел басына төнген қауіп-қатер негізінен ішікі сипатта.

                    Жақын болашақта сырттан келер қатер соншалықты көкейкесті қауіп емес. Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.

                                   Кедейшілікті пен жұмыссыздықты жою– халықаралық терроризм мен діни экстремизммен күресудің басты шарты.

                    Ұлттық мүддені қорғай алатын аймақтық қауіпсіздікті күшейту үшін халықаралық қатынастарды ары қарай тереңдете түсуіміз қажет.

                    Мемлекеттің сыртқы саясатын да қайта қарағанымыз жөн. Ашық қоғам, плюралистік саяси жүйе, демократия принциптеріне бағынған мемлекет құрылымы өркениетті ұстаным мен геосаяси бағытты анықтайды.

    Ұлт-мемлекеттің аман қалуының тарихи келешегі еуропалық қауымдастық институттарымен үнемі жақындасу, одан соң - интеграциялану мүмкіншіліктерімен байланысты.

     
    * * *
    Экология
                   

                    Табиғат – аса сақтықпен қарауды талап ететін жалпыұлттық қазына, бұл – бүгін тиімсіз пайдаланылып жатқан біздің байлығымыз.

                    «Нағыз АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы экологиялық жағдайды жақсартудың мынадай бағыттарын ұсынады:

    -          халықаралық бірлесіп қызмет ету саласында шешімдерді қабылдауда экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің басымдылығын қамтамасыз ету;

    -          қоршаған табиғи ортаның жағдайы жөнінде саяси жүйенің мониторингін дамыту;

    -          отандық экологиялық стандарттарды еуропалық стандарттармен сәйкестендіру;

    -          экологиялық қамсыздандырудың түрлерін енгізуге әрекет ету;

    -          қоршаған орта мен халық денсаулығына зиян келтіргені үшін жеңілдіктер мен айыппұл санкциялар жүйесін жетілдіру;

    -          Қазақстан аумағына ядролық және де басқа қауіпті өндірістік қалдықтарды алып келіп, көмуге, сондай-ақ, атом электр стансалар құрылысына тыйым салу;

    -          Семей және Арал өңірлеріндегі экологиялық апаттар, Каспий теңізінің ластануы, шөлейттену зардаптарын жұмсарту;

    -          ұлттық саябақтар мен қорықтарды кеңейту және нығайту;

    -          мелиоративті жүйенің техникалық деңгейін көтеру және су ресурстарын басқаруды жақсарту;

    -          табиғи байлықтарды қорғау мен қолдануды рационализациялау;

    -          Қазақстан территориясында шет мемлекеттердің ядролық және басқа да қалдықтарын көму, сондай-ақ атом электрстанциялар құрылысына тыйым салу туралы заң қабылдау;

     
    * * *

    Алдымызға қойылған мақсаттар мен мұраттарға сүйене отырып, «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-сы:

    -          сайланатын өкімет органдарының барлық деңгейіне өз үміткерлерін ұсынады;

    -          жиындар, кездесулер мен акциялар өткізеді;

    -          жеке бұқаралық ақпарат құралдарын, кітаптар, брошюралар, үнпарақтар шығарып, өз веб-сайтымызды қолдау;

    -          азаматтардың белсенділігін дамытуға және олардың саяси күш-қуатын топтастыруға ықпал ете отырып, қоғам өміріне белсенді араласады;

    -          азаматтардың белсенділігін арттыруға ықпал жасайды;

    -          қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан Республкиасы азаматтарының өз заңды құқығы мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін күресін қолдайды;

    -          Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттейді, талдайды және қорытындыладйы. Заң жобалры мен бағдарламалар жасап шығарады, бұл ұсыныстарын тиісті билік органдарына, жергілікті мемлекеттік басқармаларға тапсырады және олардың орындалуына қол жеткізеді.

    -          Қазақстандағы барлық этностардың рухани және мәдени жандануына ықпал етеді;

    -          өз іс-әрекеттері жайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамды хабардар етіп отырады.

    Нағыз ақжолдықтар – принциптер мен идеяларды өмірге ендіру үшін көтереді және оларды алдымен өздерінен бастап орындайтын болады.

    Нағыз ақжолдықтар – жеке мақсаттарына жету үшін ешқашан моральдық нормаларды аяқасты етпейтін, заңды сыйлай білетін азаматтар.

    Нағыз ақжолдықтар бар мәселенің ауыртпалығын ешқашан қайыспайтын және жауапкершіліктен қашпайтын адамдар.

    Нағыз ақжолдықтар – ашық және әділ, интеллектуалды және саяси бәсекелстікке әрқашан дайын адамдар.

    Біз өз тарихымыздағы ең қиын кезеңді артта қалдырдық және одан еңсемізді тік көтеріп өттік. Бізге ұялатындай еш нәрсе жоқ. Ұялса, басқалар ұялсын, басқалар қызарсын. Сонымен қатар, біз өткенімізден сабақ алып, алдағы әрекеттерімізде бұндай жағдайларды қайталамау үшін барлық мүмкіншілкті жасауымыз керек.

    Бағдарлама негізінде партияның басқарушы органдары жүйелі түрде меморандумдар жасап тұрады. Меморандумда біздің оны жүзеге асыру жоспарларымыз жазылады. Біз партияның қызметі жөнінде жыл сайынғы есептер жариялап тұрамыз.

    Біз нағыз демократиялық, жинақы және сындарлы саяси ұйым құрамыз.

     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22