Құрылымы         
 
 

 
 
 
  • Тең төрағалар
  • Филиалдар
  • Iздеу  
    СIЛТЕМЕЛЕР  
    -
    ОСДП АЗАТ / Құрылымы / Тең төрағалар
    Тең төрағалар
      Версия для печати

    ӘБІЛЕВ

     Болат Мұқышұлы

    15.09.1957 ж. Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1979 ж. Қарағанды политехникалық институтын бітірді. Тау-кен инженері.

    Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, 6 жыл Костенко атындағы «Қарағандыкөмір» ПО шахтасында тау-кен жұмысшысы және тау-кен мастері болып еңбек етті. Госгортехнадзор және «Теңізмұнайгазстрой» ПО жүйесінің маманы болып жұмыс істеді. 1991 ж. бизнеске келді, бірнеше коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар құрды, «БУТЯ» фирмасын – кейіннен «БУТЯ» ЖАҚ басқарды.  1994-1996 жж. – ҚР Президентінің  штаттан тыс кеңесшісі.

    Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты. 2001ж. желтоқсанында «Отан» партиясынан шығатыны туралы жария түрде жасаған мәлімдемесінен кейін, депутаттық корпустан шығарылды.

    Қоғамдық-саяси қызметінің негізгі сатылары: 1998 ж.– «Сорос-Қазақстан» қоры басқармасының мүшесі. 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Меценаттары» клубының Президенті. 2001 ж. – ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» РҚБ саяси кеңесінің мүшесі. 2002 ж. – «АҚ ЖОЛ» ҚДП теңтөрағасы – төрағасы. 2004 ж. - Қазақстанның демократиялық күштері Үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2005 ж. – «Әділетті Қазақстан үшін» РҚБ Төралқасының мүшесі, «Нағыз «АҚ ЖОЛ» ҚДП тең төрағасы.


    ЖАНДОСОВ

    Ораз Әлиұлы

    26.10.1961 ж. Алматы қаласында дүниеге келді. 1987 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді. Экономист-кибернетик.

    Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан Ғылым Академиясы экономика Институтында ғылыми жұмыспен шұғылданды. 1991-1993 жж. – ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңесінде басшы қызметтерде болды. 1993-2001 жж. – біраз үзілістермен мемлекеттік қызметтерде. Шетелдік инвестициялар бойынша Ұлттық агенттікті, ҚР Ұлттық банкін басқарды, Премьер-министрдің бірінші орынбасары және бір мезгілде инвестиция бойынша ҚР Мемлекеттік комитеті Төрағасы, сосын қаржы министрі болып тағайындалды.  «KEGOC» ААҚ бір жылдан аса басқарды, сосын ҚР Премьер-министрінің экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары ретінде мемлекеттік қызметке оралды. ҚР тұрақты дамуы бойынша Ұлттық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 2001 ж. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» РҚБ қатысқанына байланысты мемлекеттік қызметтен босатылды және ҚР қаржыгерлер Ассоциациясын басқарды. 2003-2004 жж. – ҚР Президентінің экономика мәселері бойынша көмекшісі, сосын ҚР монополияға қарсы Агенттік Төрағасы болды.

    Қоғамдық-саяси қызметінің негізгі сатылары: 2001 ж. – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» РҚБ саяси кеңесінің мүшесі, 2002 ж. – «АҚ ЖОЛ» ҚДП тең төрағасы, 2004 ж. - Қазақстанның демократиялық күштері Үйлестіру кеңесінің мүшесі, 2005 ж.– «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» РҚБ Кеңесінің мүшесі, «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП тең төрағасы.


     

    ЖӨКЕЕВ

    Төлеген Тілекұлы

    19.04. 1949 ж. Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылында дүниеге келді. 1972 жылы М.Азизбеков атындағы Әзірбайжан мұнай және химия институтын бітірді. Тау-кен инженері. Төтенше және Өкілетті Елші.

    Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін  бұрғышы, Маңғышылақ мұнай кәсіпшілігінде бұрғы мастері болып істеді. 1978 жылдан 1982 жылға дейін – директордың орынбасары, тасты өндіру және қайта өңдеу өндірістік бірлестігінің бас инженері. 1975-1978 жж. және 1982 жылдан бастап 20 жылдан астам уақыт – партия, кеңес және мемлекеттік басқару органдарында, сондай-ақ дипломатиялық қызметтерде болды. Бұл жылдар аралығында  аудандық комитеттің, облыстық комиеттің және ҚР Орталық комитетінің  нұсқаушысы, Мемлекеттік монополияға қарсы комитеті Төрағасының бірінші орынбасары – Президент Аппаратының саяси талдау бөлімінің меңгерушісі, қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары және хатшысы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

    Қоғамдық-саяси қызметінің негізгі сатылары:  1995 ж. – Қазақстанның Демократиялық партиясының тең төрағасы, 2003 ж. – «АҚ ЖОЛ» ҚДП Төралқа мүшесі, 2004 ж. - Қазақстанның демократиялық күштері Үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2005 ж. наурызынан бастап – «Әділетті Қазақстан үшін» демократиялық күштер Блогы» РҚБ Бас хатшысы және 2005 ж. сәуірінен бастап – «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП тең төрағасы.

     
       
    "АЗАТ" Жалпыұлттық социал‑демократиялық партиясы - 050000, Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 70. Тел. +7 727 296 52 22